2025 жылы теміржол көлігімен 320 млн тонна жүк тасымалданды

Жүк тасымалы
15.01.2026, 15:16

2025 жылдың қорытындысы бойынша теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау көлемі 320 млн тоннаға дейін жетті, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 5,5%-ға артық, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, республикаішілік қатынаста 2024 жылмен салыстырғанда 2,7% өсіммен 177 млн тонна жүк тасымалданған. Экспорттық қатынаста тасымалдау көлемі 89,2 млн тоннаға дейін ұлғайып, 2024 жылғы деңгейден 7,2%-ға асты, ал импорттық тасымалдар 20,7 млн тоннаға (+2,7%) жетті.

«Ең үлкен өсім транзиттік қатынаста тіркелді. Жыл қорытындысы бойынша транзиттік тасымалдау көлемі 33 млн тоннаны құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 19,9%-ға артық. Сонымен қатар, астық тасымалының айтарлықтай өсімі байқалады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша теміржол көлігімен 14,3 млн тонна астық тасымалданды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 31%-ға артық (10,8 млн тонна)», - делінген министрлік таратқан мәліметте. 

Жалпы көлеммен экспортқа 11 млн тонна (+33%) жіберілді, республикаішілік қатынаста 3,3 млн тонна (+26%) тасымалданды.

Орталық Азия, Иран, Ауғанстан және Ресей елдерін қоса алғанда, экспорттың негізгі бағыттары бойынша тұрақты оң динамика байқалады. 

Астықты қайта өңдеу өнімдерін тасымалдауды ұлғайту есебінен елеулі өсім қамтамасыз етілді: ҚХР-да азықтық ұнның көлемі 3,1 млн тоннаға жетіп, 3,8 есеге өсті, бұл қосылған құны жоғары өнім өндірісінің кеңеюін көрсетеді.

Сондай-ақ, 2025 жылы Африка, Вьетнам және Еуропалық одақ мемлекеттерін қоса алғанда, жаңа экспорттық нарықтар ашылды.

Жалпы, 2025 жылдың нәтижелері теміржол көлігінің тұрақты жұмыс істеуін және жүк тасымалы дамуының оң динамикасын көрсетеді.

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды