«Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС теміржол көлігімен тасымалданатын жүктердің, сондай-ақ Қазақстан теміржол инфрақұрылымына тиесілі стратегиялық және тұрақты нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ірі әрі көпсалалы күзет ұйымы.
Ұйымда салауатты өмір салтын насихаттауға, қызметкерлердің дене шынықтыру дайындығы мен рухани төзімділігін қалыптастыруға ерекше мән беріліп отыр. Оң нәтиже де жоқ емес. Олай дейтініміз, филиалдар мен орталық аппараттың қызметкерлері апта сайын дене шынықтырумен айналысып, футбол, үстел теннисі, волейбол, жеңіл атлетика, гір тасын көтеру, баскетбол және шахмат секілді спорт түрлері бойынша республикалық, өңірлік және қалалық жарыстар мен бұқаралық спорттық іс-шараларға белсенді қатысып келеді.
Кәсіпорында қызметкерлердің жайлылығы мен күнделікті жұмыста өздерін қолайлы сезінуіне басымдық берілген. Мәселен, бірыңғай корпоративтік стильді қалыптастыру мақсатында «ӘТЖК» ЖШС күзет қызметкерлеріне арналған жазғы және қысқы жаңа үлгідегі формалық киімдерді әзірлеп, жаңартты. Жаңа формалық киім үлгісін жасау барысында ұйымның қызмет ерекшелігі мен корпоративтік болмысын айқындайтын фирмалық логотип пен айрықша белгілерге ерекше назар аударылды.
Бүгінде жазғы және қысқы формалық киімдер толықтай дайындалып, күзет қызметкерлеріне таратылып берілген. Нәтижесінде барлық қызметкерге ортақ бірыңғай сыртқы келбет қалыптасып, ол ұйымның корпоративтік бірегейлігін, кәсібилігі мен мәртебесін айшықтай түсті.
Атқыштар командалары жоғары өтімділігімен ерекшеленетін автокөліктермен толық қамтамасыз етілген. Бұл көліктер күзет қызметкерлерін қызмет атқаратын орындарына жеткізуге, сондай-ақ жедел әрекет ету мобильді топтарының күнделікті қызметтік міндеттерін орындауына арналған.
Күзет қызметкерлері кез келген ауа райы жағдайында жүктелген міндеттерді жоғары деңгейде әрі тиімді орындауға мүмкіндік беретін арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар атқыштар командаларының күзет қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында ұйымда қызметтік қаруды қолдану бойынша жүйелі түрде оқу-жаттығу сабақтары өткізіліп тұрады. Сабақ барысында қарумен жұмыс істеу тәртібі, оны қауіпсіз пайдалану қағидалары мен қызметтік міндеттерді орындау кезінде қолдану ережелері жан-жақты түсіндіріледі. «ӘТЖК» ЖШС Қазақстан аумағы арқылы өтетін халықаралық теміржол бағыттарындағы транзиттік контейнерлік пойыздар құрамындағы жүктердің күзетілуін қамтамасыз етуде.