ҚТЖ алдағы жылу маусымына орай көмір тасымалдауға кірісті

Жүк тасымалы
22.07.2021, 15:15
Осы жылғы алты айда шойын жол арқылы  51,5 млн.тонна тас көмір тасымалданған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда ға 4% көбірек. Оның ішінде отандық тұтынушыларға 36,3 млн. тонна жеткізілген. Салыстырмалы түрде алғада бұл былтырғы көрсеткіштен  9% жоғары. Ал, экспортқа 15,2 млн. тонна көмір жөнелтілді, деп хабарлайды Rail-news.kz «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. “ҚТЖ” ҰК» АҚ бас кеңсесінде теміржолшылар мен көмір тасымалдаушылар кездесіп, алдағы жылу маусымына байланысты туындайтын өзекті мәселелерді талқылады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Сауранбаевтың төрағалығымен өткен кеңеске энергетика министрлігі, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі , бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, көмір разрездерінің өкілдері мен тасымалдаушылар қатысты.
«Екі мәселеге баса назар аударғым келеді. Біріншісі-жыл бойына көмірдің біркелкі тиелуі және тамыздан бастап отын түрінің сатып алына бастауы. Бұл жұмыс реті тиімділігін көрсетіп қана қоймай күзгі-қысқы маусымда көлік тапшылығына ұрынбауға септіін тигізді. Сондықтан барлық мүдделі топтың осы қағиданы берік ұстанғаны абзал.  Екіншісі- «Қазтеміртранс» АҚ   өзге де меншік иелері секілді нарықта жұмыс істеп жатыр.  Осыған байланысты жүк жөнелтушілердің  тасымалданатын көмірді көлікпен қамтамасыз ету жағын барлық меншік иелерімен алдын ала келісіп алғаны жөн»  деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының жүк қозғалысы жөніндегі орынбасары міндетін атқарушы Оралхан Құлақов.
Қазақстан аумағында 63 мыңнан астам ашық вагон бар, олардың 40 мыңнан астамы - ҚР жеке меншік иелері мен көрші мемлекеттер вагон операторларының балансында, 23 мыңнан астамы – «Қазтеміртранс» АҚ меншігінде. Кеңес қорытындысы бойынша осы жылдың 1 тамызына дейін ҚТЖ-да көмір тасымалдау мәселелері жөніндегі штаб жұмысын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.
Аймақтар
28.07.2026
Маңғыстау станциясында «Қауіпсіз теміржол өткелі» акциясы өтті
ҚТЖ келбеті
28.07.2026
Шулық теміржолшылар апаттың алдын алды
Әлеумет
28.07.2026
«Үміт» пойызы іске қосылды
Қауіпсіздік
28.07.2026
Ақтөбеде теміржол өткеліндегі қауіпсіздік мәдениеті тексерілді
Аймақтар
28.07.2026
Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінде екі автотрансформатор пункті салынды
Қауіпсіздік
28.07.2026
Заң мен тәртіп: Болашақ жүргізушілерге теміржол өткеліндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Қауіпсіздік
28.07.2026
Қарапайым ережені сақтайық
Жолаушылар тасымалы
28.07.2026
Пойыздағы санитарлық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі?
Спорт
28.07.2026
Бас жүлдегер – «Теміржол қалқаны»
Жаңалықтар / Мұрағат
28.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №57 28 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
27.07.2026
ҚТЖ төтенше жағдайларға дайындықты және өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтті
Аймақтар
27.07.2026
Табиғат аясындағы семинар-тренинг
Аймақтар
27.07.2026
Сарыбел вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Әлемде
27.07.2026
Alstom компаниясы Франциядағы IPCEI сутегі жобаларын тоқтататынын хабарлады
Аймақтар
27.07.2026
Құрғақ порт пен логистикалық парк құрылысы басталды
Жаңалықтар
27.07.2026
Миллионыншы контейнер Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары бойынша жөнелтілді
Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті