Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында көмір тасымалдау үшін әр түрлі меншік нысанындағы 35 мың ашық вагон тартылған. Оның ішінде 13 мыңнан астам вагон «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес ұйымы – «Қазтеміртранс» АҚ-ға тиесілі. Бұл «ҚТЖ» ҰК» АҚ ашық вагондарының жалпы санының шамамен 70% құрайды. Бұл туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының орынбасары Қанат Көбесов «Самұрық-Қазына» қорының баспасөз орталығында онлайн-брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды Rail-news.kz. Бүгінгі күні көмір тасымалдауға арналған ашық вагондар саны жеткілікті. «ҚТЖ – Жүк тасымалы» маркетингтік қызметі көмірді тиеу көлемінің ұлғаюына дейінгі түрлі нұсқаларын есептейді. Қажет болған жағдайда көмір разрездерінің қажеттілігі толық көлемде қамтамасыз етілетін болады.