«E-Telegram» жүйесі алғашқы нәтижесін беруде

Цифрландыру
14.03.2023, 10:25
Оқуға 1 мин
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Ұлттық компанияның ақпараттық технологияны дамыту бойынша стратегиялық жобалары теміржол мекемелерін цифрландыруға негіз болып отыр.

Бүгінгі күні пилоттық жоба аясында өндіріске енгізілген «E-Telegram» жүйесі алғашқы нәтижесін беруде. Бұл – қағазбастылықтан айырылудың тың жолы. Жаңа жүйе өндірістік және бизнес «telegram» болып екіге бөлінеді.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы» IT Бизнес әріптесі Жамбыл филиалының директоры Асылхан Тайлақбаевтың айтуынша, ІТ технологияны игеруде жамбылдық теміржолшылар да белсенділік танытып отыр.  

– Бүгінгі күні 1735 теміржолшы «E-Telegram» жүйесіне тіркелді. Оның 774-і Жамбыл бөлімшесі, 961-і Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің қызметкерлері. Сондай-ақ осы пилоттық жоба енгізілгелі 3084 электронды хабарлама жолданды. Әсіресе станциялардағы жүк қабылдап-жөнелтушілерге тиімді. Уақыт үнемдеуде де оңтайлы. Қазір осы жүйеге Жаңатас және Шайқорық станциялары қосылды. Бұл – бизнес «telegram» жүйесі. Өйткені өңірдегі екі ірі кәсіпорын – «Қазфосфат» және «ЕвроХим» компанияларының өнімдерін тиеп-жіберуде осы екі станцияның әлеуеті басым. Ал өндірістік «telegram» жүйесі Жамбыл және Шу локомотив пайдалану деполарының машинистеріне тиімді болып тұр. Болат жолдың бойына мал шығуы немесе басқа да келеңсіз жағдайларда жедел электронды түрде хабар алмасады. Енді құжат айналымын осы жүйеге енгізу жолы қарастырылуда, – дейді Асылхан Тайлақбаев.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды