ҚТЖ-да пойыздар қозғалысы кестесін түзудің автоматтандырылған нұсқасы енгізіледі

Цифрландыру
16.02.2024, 10:11
Оқуға 2 мин

Солтүстік өңірлік тасымалдарды басқару орталығының екі диспетчерлік учаскенің Қырқыншы-Ерейментау және Қырқыншы-Қарағанды-Сұрыптау станцияларында орындалған пойыздар қозғалысы кестесін түзудің автоматтандырылған нұсқасы алғаш рет енгізілді. 

Жоба 9 ай ішінде жүзеге асырылады. Енді пойыз диспетчерлеріне кестені қағаз тасығышта қолмен рәсімдеудің, ал станция бойынша кезекшілерге – ДУ - 2, 3 станциялық журналдар мен кестенің тәуліктік жоспарын толтырудың қажеті жоқ.  

Пойыздар қозғалысы кестесін жүргізудің автоматтандырылған нұсқасын пайдалану ақпараттың жеделдігі мен дұрыстығын арттыруға, қағазсыз технологияны енгізуге, орындалған қозғалыс кестесін қолмен түзуді болдырмауға мүмкіндік береді.

Жоба екі кезеңде жүзеге асырылды. Біріншісінде-Қырқыншы-Ерейментау учаскесінде апробациядан өтті. Қырқыншы, Сары-Оба, Есеншілік, Едіге және Ерейментау станциялары бойынша кезекшілер жұмыстың жаңа форматын ашушылар болды. Екінші кезең жергілікті жұмыс бойынша ең күрделі учаскелердің бірінде және пойыздар қозғалысының қарқындылығы жоғары  - Қырқыншы-Қарағанды-Сұрыптау учаскесінде өтті. Пойыз диспетчерлері мен №42 басып озу пункті, Бабатай, Аршалы, Анар, Сарыбел, Ақтасты, Шоқай, Мырза, Нұра, Көкпекті және Қарағанды-Сұрыптау станциясының кезекшілері кәсібилік танытты.  

Қарағанды жол бөлімшесінің 7 станциясында автоматтандырылған жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілді. Пойыз диспетчерлерінің жұмыс орындары қосымша кеңсе техникасымен жарақтандырылды, сондай-ақ 85 маманға арналған оқыту вебинарлары өткізілді.  

Қазіргі уақытта жоба Қарағанды-Сұрыптау-Құлайғыр диспетчерлік учаскесінде іске асырылуда және оны Құлайғыр-Мойынты учаскесінде енгізу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде.  

2024 жылдың бірінші жартыжылдығы соңына дейін тағы 6 диспетчерлік учаскені іске қосу жоспарланып отыр, осылайша Солтүстік өңірлік орталықтың барлық жол бөлімшелерін қамтиды. Екінші жартыжылдықта эстафетаны Оңтүстік және Батыс өңірлік  тасымалдарды басқару  орталықтарының диспетчерлік учаскелері қабылдайды.

Жұмыс диспетчерлік аппарат жұмысының әдеттегі бөлігін алып тастау арқылы тасымалдау процесін басқару деңгейінің арттыруға бағытталған.    

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды