Атырауда биыл жүз шақырым жол жаңарады

Инфрақұрылым
28.04.2023, 10:40
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қозғалыс қауіпсіздігін сақтап, станциялардың өткізу қабілетін, пойыздар жүрісінің жылдамдығын арттыру үшін ең алдымен жол сапасы жақсы болуы шарт. Ал өңірде әлі де болса жаңартатын жолдар аз емес.

Атырау магистральдық желі бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы Амангелді Рахмеденов биылғы жылға арналған жоспар бойынша өңірде 99,97 шақырым жол күрделі жөндеуден өтетінін жеткізді.

– Қазіргі уақытта Атырау жол дистанциясы бойынша Исатай станциясы мен 11 разъезд аралығында 29,5 шақырым жол салынып жатыр. Бүгінгі күні оның 13,337 шақырымы бітті десек болады. Сондай-ақ рзд14, рзд-15 – Аққыстау станциясы арлығында 19,7 шақырым жаңа жол салынады,– деді ол.  

Рахмеденовтың мәліметінше, күрделі жөндеу жұмыстары барысында жолдың ескі темір жолы түгел алынып, орнына су жаңа темір-бетонды шпалдар барлық технологиялық талаптар сақталып, салынып жатыр. Бұрынғы рельстердің ұзындығы 25 метрлік болып бунақталып салынатын болса, қазіргі уақытта түйіспесіз рельстер төселуде. Бұл дегеніміз болтқа, қапсырмаға деген шығынды азайтып қана қоймай, пойыздар жүрісінің жайлылығын арттырады. Нәтижесінде жолаушылар пойызының жылдамдығы 60км/сағаттан 120км/сағатқа, жүк тасымалы пойызының жылдамдығы 50км/сағаттан 100км/сағатқа көтеруге ықпал етеді. Қазіргі уақытта Ресейден келіп-кетіп жатқан пойыздар осы жолдармен жүйткіп өтіп жатыр.

Сонымен қатар, Құлсары жол дистанциясы бойынша Қоркөл – Рзд-464 аралығында биыл 31,05 шақырым жол салу жоспарланып, бүгінде 10,740 шақырым жол күрделі жөндеуден өткен.  

– Аталған участокте бұрынғы ағаш шпалдар түгел алынды. Жердің негіздемесі төселіп, шебін төсеу, жерді нығыздау, басқа да технологиялық талаптарға сай жұмыстар жасалуда, – дейді Құлсары жол дистанциясының бастығы Рақымжан Көрпебаев.  

Күрделі жөндеуден өткен жолдарда енді жолаушы пойыздарына сағатына 120 км, Тальгоға 140 км, ал жүк пойыздарына 100 км дейін жылдамдыққа рұқсат етіледі. Күрделі жөндеу жұмыстары барысында мердігер «ПМС Интеграконтракшн» компаниясы күндіз тәулігіне 6 сағаттық толаскез алып, жұмысты жоспарлы уақытта бітіруге уәде беріп отыр.  

Ағымдағы жылы бөлімше бойынша күшейтілген орташа жөндеу мен бағыттамалы бұрмаларды ауыстыру жұмыстары да жүргізілуде. Атырау жол дистанциясы бойынша Мақат, Сағыз, Мұқыр, Кенбай, Жамансор станциялары аралығында барлығы 20,7381 шақырым жолды орташа жөндеу белгіленген. Қазіргі уақытта 4,826 шақырым жол жөнделіп біткен. Сондай-ақ, 30 жиынтық бағыттамалы бұрма салу жоспарланып, Сағыз – рзд-14 аралығында 2, Құлсары – Рзд-468 аралығында 4 жиынтық бұрма жаңадан орнатылған.  

Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті