Төрт айда 600 км-ге жуық жол жөнделді

Инфрақұрылым
11.07.2023, 09:33
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Бүгінде жазғы жол жұмыстары қызған шақ. Көктемнің алғашқы айында басталған жолды сауықтыру жұмыстары нәтижесіне келсек, өткен төрт айда, наурыз-маусым аралығында 591 км жолға түрлі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жалпы, биыл 1,1 мың шақырымнан астам жолды сауықтыру көзделіп отыр.

Айта кетейік, жол шаруашылығында мұндай көлемдегі ауқымды жұмыс соңғы жылдары болған емес. Жол және құрылыстар департаментінің бас менеджері Ербол Сәулебековтің айтуынша, қазіргі таңда 290 км таяу жол күрделі жөндеуден өтіп, 53 км шамасында рельс тіректері тұтастай алмастырылған.  

«Бұл дегеніміз, 114 мың ақаулы шпал мен 456 мың рельс бекітпесінің ауыстырылып, жаңасының салынуы. Сонымен қатар 100,39 км жол табанының тұтастай алмастырылуы нәтижесінде түйіспесіз жолдың ұзындығы артып, бұл өз кезегінде пойыздар жүрісінің жайлылығын қамтамасыз етті. Ал станция жолдарын сауықтыру және темірбетонды негізге көшу үшін 70 км астам жолға күшейтілген орта жөндеу жүргізілді, соның ішінде 48 км ұзындықты құрайтын 60 станциялық жолда жолдың жоғары құрылымының қуаттылығы күшейтілсе, 18 станциялық жолда «Жейсмар» кешендерімен 10047 мың дана ағаш шпал темірбетонды негізге көшірілді», – дейді бас менеджер.  

Бұдан бөлек, РМ типіндегі шағылтас тазалайтын заманауи машиналармен 162 км жолдың балластық призмасына терең тазалау жұмыстары жүргізіліп, 160 мың м3 қиыршық тас төселген. Сондай-ақ, 2 мың шақырым жолға және 555 бағыттама бұрандаларға түзету-таптау-тегістеу жұмыстары жүргізіліп, 286 жаңа бағыттама бұрмалары төселді. Ал 900 км астам рельстер өнімділігі жоғары «ATLAS» рельсті тегістеу пойыздарымен профильденді.  

Ербол Сәулебековтің айтуынша, жол жөндеу жұмыстары наурыз айында оңтүстік өңірде бастау алып, бүгінде Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Семей және Алматы аймақтарында жалғасуда.  

«Ресурсжинақтаушы технологияларды енгізу шеңберінде биыл алюмотермитті дәнекерлеуді пайдаланып, рельс иіндеріндегі 400-ден астам ақаулы жерді жойдық. 12 телімде түйіспесіз жолдың ұзындығы перегонға дейін жеткізілді, 70 жұп иін блок-телімге дейін ұзартылды, бұл өз кезегінде жол жағдайының бағасын жақсартып, жолды түзетуге кететін шығындарды едәуір қысқартты. Тағы бір атап өтерлігі, жол жөндеу жұмыстары нәтижесінде 294,6 км жолда жолаушылар, 261,3 шақырымда жүк, 121,7 шақырымда контейнерлік пойыздар жылдамдығы артты», – дейді бас менеджер.  

Инфрақұрылымды жаңғырту және ағымдық жөндеу бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізу мақсатында ҚТЖ компаниясы пойыздар қозғалысының жылдамдығына уақытша шектеулер де енгізген. Рас, бұл өз кезегінде жолаушы және жүк пойыздарының қозғалысына кері әсер етіп, бірқатар бағыттарда жылжымалы құрамның кестеден кешігуі орын алып отыр.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды