Жылыту орыны жолшылардың көңілінен шықты

Инфрақұрылым
11.09.2023, 11:00
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінде Қазақстан темір жолының жол бойында, жел өтінде еңбек ететін теміржолшылар қыста жылынып, жазда демалып дегендей ас ішіп, аяқ суытатын шағын үйшіктер пайда болуда.

Бұл әсіресе жыл он екі ай ашық далада, перегонда жұмыс істейтін жолшылар үшін өте бір игілікті іс болып отыр. Ақтөбе жол дистанциясы аумағында да бірнеше жылыту пункті пайдалануға беріліп, аязды, боранды күндері жұмысқа шығып, қар тазартатын жолшылар дән риза болып отыр.  

– «ҚТЖ» ҰК» АҚ  Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі басшылығының ұйымдастыруымен Ақтөбе жол дистанциясы мұндай жылыту пунктерінің 15-ін орнатып үлгерді. Теміржолшылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған мұндай шаралар соңғы кезде аз емес, әсіресе жылыту пункттері  теміржолшылар үшін тиімді болып отыр. Бұрын біздің жұмысшылар бұрмаларды қардан тазалаған кезде станциядан қатынайтын еді. Бұл әсіресе қыс кезінде қиындық туғызатын. Енді жылыту пункттері қармен күрес жұмыстарын ұйымдастыру үшін тиімділікті арттыратынына сенім мол, – деді Ақтөбе жол дистанциясының бастығы Кеңес Нұртаев.  

Жылыту пунктінің біреуі төрт адамға арналған. Түнгі не күндізгі кезекшілікке шыққан теміржолшылар оны кәдімгі үй секілді емін-еркін пайдалана алады. Пункт ішінде жылыту пеші қойылған, электр желісі жүргізілген. Төсек-орын, ас ішіуге арналған жабдықтар, үстел-орындық, басқа да керек-жарақпен жабдықталған кішкентай болса да ұядай жинақы да жылы бөлменің еш кемдігі жоқ.    

Күні кеше Магистральдық желі бөлімшесі басшылығымен осындай пункттердің бірнешеуін аралап шығып, оған толық көз жеткіздік. Айналасы абаттандырылып, тазалық жұмыстарына да мән берілгені байқалады.  

– Ақтөбе дистанциясында жеті жылдан бері жол жөндеуші болып жұмыс істеймін. Жіңішке станциясы аумағында жұмыс істейміз. Ұлттық компания әлеуметтік тұрмысты жақсарту мақсатында жылыту пункттерін пайдалануға беріп жатыр. Бұл қысқы уақыттағы кезекшілік кезінде өте ыңғайлы болады. Жылы және жарық. Енді қыстыгүні алыстан ат арылтып жүрмей осы жерден шығып, бұрмаларды тазалаймыз. Тек қыста емес, жазда да ас ішіп, аяқ суытатын пана, – деді Ақтөбе жол дистанциясының жол жөндеушісі Өмірсерік Зәкиев.

 

 

Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті