Биыл 1,5 мың шақырым темір жол жөнделеді

Инфрақұрылым
20.06.2025, 12:44

ҚТЖ желісінде жыл сайынғы маусымдық жол жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылы 1480 км магистраль жөнделеді. Өткен жылы осындай – 1430 км үлкен жұмыс көлемі атқарылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Ауқымды жол-жөндеу науқаны наурыз айында басталып, еліміздің барлық өңірлерін қамтиды.  

Бүгінгі таңда әр түрлі жөндеу түрлерімен шамамен 400 км жол жаңартылды. Елдің оңтүстігі мен батысында 100 км астам жол күрделі жөндеуден өтті. Жұмыстар Лепсі – Жасқазақ (Алматы магистральдық желі бөлімшесі), Бурылбайтал – Қарасай (Жамбыл бөлімшесі), Әйтеке би – Үйтас (Ақтөбе бөлімшесі), 265-рзд. 279-рзд. (Атырау бөлімшесі),   7-рзд. – Сай-Утес (Маңғыстау бөлімшесі) аралықтарында жалғасуда.  

Кесте бойынша елдің солтүстік және шығыс аймақтарындағы теміржол магистралін күрделі жөндеуге кірісті. Күншаш – Қарғалы (Қостанай бөлімшесі), Бел-Ағаш – Дүйсакен (Семей бөлімшесі), Еркіншілік – Едіге – Ерейментау (Павлодар бөлімшесі) учаскелерінде жұмыстар жүргізілуде.  

Жалпы, биыл рельс-шпалдық торды толық ауыстыра отырып, ҚТЖ магистральдық желісінің 10 бөлімшесінде 512 шақырымнан астам теміржол жаңартылады:

 - Ақмола – 63,1 км;

- Қостанай – 67,3 км;

- Павлодар – 58,4 км;

- Семей – 38,6 км;  

- Алматы – 29,8 км;

- Жамбыл – 52,1 км;

- Қызылорда – 48,7 км;

- Ақтөбе – 72,6 км;  

- Атырау – 66,7 км;

- Маңғыстау – 15,7 км.

Сонымен қатар, теміржолшылар жолды сауықтыру бойынша басқа да жұмыстарды жүргізуде. Биыл 122 км-ге рельстік жолтабанды үздіксіз ауыстырып, 100 км-ге шпалдар  төселеді. Жол машиналарының кешендері 435 км ластанған балласты тазартады.  

Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымды жаңғырту және ағымдағы күтіп ұстау жөніндегі жоспарлы жұмыстарды жүргізу кезеңінде учаскелерде пойыздардың қозғалыс жылдамдығына уақытша шектеулер енгізіледі. Жыл сайынғы жолды жөндеу күзгі-қысқы кезеңде тасымалдау процесінің сенімділігін қамтамасыз ету үшін қажет.

 

Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда