Қазақстандық және өзбек теміржолшылары түйіспесіз жолды ұстап тұру тәжірибесімен алмасты

Инфрақұрылым
26.06.2026, 09:00

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Шымкент магистральдық желі бөлімшесі»  филиалының Арыс жол дистанциясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Узбекистон темир йуллари» АҚ арасында кәсіби тәжірибе алмасу бағдарламасы шеңберінде темір жолды күтіп ұстау мен жөндеудің заманауи технологиялары көрсетіле отырып, жол жұмыстары жүргізілді деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Теміржол әкімшіліктерінің өкілдері түйіспесіз жолды күтіп ұстау және теміржол инфрақұрылымының сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған техникалық шешімдерді қолдану бойынша тәжірибе алмасты.

Шағыр станциясында алты сағаттық технологиялық «толаскез» шеңберінде Р65 түріндегі теңестіру түйіспесін және желім болтты оқшаулағыш түйіспені төсеу бойынша жұмыстар орындалды, содан кейін рельсті бунағын аралық ұзындыққа дейін дәнекерледі. 

Жұмыстар жылжымалы рельсті дәнекерлеу машинасын (ПРСМ) және MPT – 4 машинасын қолдана отырып жүргізілді.

Бұдан басқа, Шеңгелді – Жылға аралығында (жұп жол, 3306 км, ПК 8) ұқсас технологиялық «толаскез» кезінде алюминдітермитті дәнекерлеуді қолдана отырып, рельсті бунақты аралық ұзындыққа дейін дәнекерлей отырып, желім болтты оқшаулағыш түйіспені төсеу орындалды.

Жұмыс барысында орындалды: 

•             Р65 түріндегі теңестіру түйіспесін  төсеу; 

•             желім болтты оқшаулағыш қосылысты орнату;

•             ПРСМ және АЛТС көмегімен рельсті бунақтарды дәнекерлеу. 

Теңестіру түйіспелері жылжымалы құрамнан температуралық өзгерістер мен динамикалық жүктемелер нәтижесінде пайда болатын рельсті бунақтардың бойлық қозғалыстарының орнын толтыруды қамтамасыз етеді. 

Жүргізілген жұмыстар жолдың деформациялану қаупін азайтуға, пойыздар қозғалысын жайлы етуді арттыруға және «жол – жылжымалы құрам» жүйесінің өзара іс-қимылын жақсартуға бағытталған, бұл инфрақұрылымның сенімділігін және пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады