ҚТЖ жұмысы қорытындыланды

Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Сәрсенбі күні Ұлттық компанияның мәжіліс залында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның 2023 жылдағы жұмыс қорытындысы мен 2024 жылы алға қойып отырған міндеттері талқыланған кеңейтілген жиын өтті. Фойеде компанияның өткен жылы қол жеткізген жетістіктеріне арналған стенд ұйымдастырылып, онда көрініс тапқан деректер мен дәйектер бейнеролик арқылы көпшілік назарына ұсынылды.

Жиынға «Самұрық-Қазына» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы А.Рысқұлов, ҚР Көлік вице-министрі М.Қалиақпаров, ұлттық компанияның құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарының басшылары қатысты. 

Бірінші болып сөз алған «Самұрық-Қазына» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айдар Рысқұлов ҚТЖ-ның өткен жылғы жұмыс қорытындысында оң динамика байқалып отырғанын, алдыңғы жылмен салыстырғанда былтыр жүк айналымында, әсіресе транзиттік тасымалда жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, қаржылық көрсеткішін жақсартқанын атап өтті. Сондай-ақ Компания тарапынан тарифті көтеруге қатысты бастама көтерілгенін және бұл бағытта жұмыс жүріп жатқанын жеткізді. Бұдан кейін Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров сөз алып, теміржол көлігі еліміз үшін стратегиялық рөлге ие екенін және Мемлекет басшысы бұл салаға айрықша мән беріп отырғанын атап өтті.

– Соңғы он жылда транзиттік контейнерлер көлемі бес есеге өсті. Бүгінде Қазақстан Еуразияның көлік хабына айналып отыр және тұрақты логистикалық жүйесі бар. Экспорттық және транзиттік бағытта ауқымды жобалар жүзеге асып жатыр. Жыл сайын жылжымалы құрам паркі жаңалануда, осы мақсаттарды жүзеге асыруға Көлік министрлігі өз құзыры шеңберінде қолдау көрсетеді, – деді Көлік вице-министрі.

Бұдан кейін Ұлттық компанияның 2023 жылдағы жұмыс қорытындысы туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов қысқаша баяндап берді. Былтыр пайдаланымдағы жүк айналымы 269 млрд тонна-км құрап, алдыңғы жыл көрсеткішінен 7% жоғары болған. Ал контейнерлік транзит 1 млн 282 мың ЖФЭ-ні құрап, 2022 жыл көрсеткішінен 13,5% артық шыққан. Қазақстан мен Қытай темір жолдары арасындағы жүктерді тасымалдау көлемі 22% өсіп, 28 млн тоннаға жетті. Бұл – елдер арасындағы теміржол байланысы ашылғаннан бергі максималды көрсеткіш. 

2023 жылы жол жөндеудің ауқымды көлемі орындалып, 1443 км теміржол төсемі сауықтырылған. Былтыр компания үшін ғана емес, республика үшін де ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысты маңызды оқиғалар болғаны атап өтілді. Компанияның аппарат жетекшісі Серік Кеулімжаев өткен жылы жалақы 20%-ға өскенін, бүгінгі таңда компанияның өндірістік персоналының орташа жалақысы республикалық деңгейден 26% асып түскенін мәлімдеді. Сонымен қатар былтыр қызметкерлердің санитарлық-тұрмыстық еңбек жағдайларын жақсарту бойынша ауқымды іс-шаралар өткізілген. 228 ғимарат, 467 үй-жай және локомотив бригадаларының 37 демалыс үйі жөнделіп, желілік қызметкерлерді жұмыс орнына жеткізу үшін 384 бірлік көлік сатып алынған. ҚТЖ желісі бойынша жұмыс жүргізу үшін шалғайдағы станцияларға шығатын теміржолшылардың толыққанды демалуына қажетті барлық заттармен жабдықталған 132 модульдік ғимарат орнатылып, олар барлық қажетті инженерлік коммуникацияларға қосылған. Биыл 120-дан астам модульдік ғимарат орнату жоспарлануда екен. Сонымен қатар теміржол бойындағы аралықтарда теміржолшыларға жұмыс кезінде жаңбыр мен желден пана болатын 1224 жылыту пункті орнатылған. Компания топ-менеджерлері жұмысшыларға қолайлы еңбек жағдайын жасау жұмыстары ағымдағы жылы да жалғасатынын атап өтті. Жиынды қорытындылаған «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ұлттық компания қызметінің басым бағыты тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып қала беретінін айтты. 2024 жылдың негізгі міндеттерінің бірі – тасымалдау көлемін ұлғайту және транзитті дамыту, цифрландыру бағдарламаларын іске асыру, теміржол инфрақұрылымы мен жылжымалы құрамды жаңарту екенін жеткізді. Жиын соңында еңбегі еленген бір топ маман Самұрық-Қазына компаниясы тарапынан Құрмет грамотасымен және ҚР Көлік министрлігі тарапынан Алғыс хатпен марапатталды. 

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды