Ляньюньган: стратегиялық серіктес

Жаңалықтар
16.09.2023, 09:37
Оқуға 2 мин
Асель Шайхынова

Корреспондент газеты «Қазақстан теміржолшысы»

2023 жылғы 14-15 қыркүйекте «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының логистика жөніндегі орынбасары Ерлан Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың Ляньюньган қаласына (ҚХР) жұмыс сапары аясында «Қытай-Еуропа» жүк пойыздары ынтымақтастығының 1 - ші форумына қатысты.

Форумның ашылу салтанатында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚКП хатшысы Си Цзиньпиннің арнайы жолдаулары оқылды.

«Елеулі геосаяси шиеленіс жағдайында бұл бастама орасан зор маңызға ие, өйткені көлік тұрақты экономикалық өсудің негізгі драйвері болып табылады. Сондықтан, бұл іс - шара әлемдік көлік логистикасын дамыту және оңтайландыру, жаңа бағыттарды ашу және заманауи технологияларды қолдану жөніндегі жаңа идеяларға деген ұмтылысты толық көрсетеді», - деп атап өткен Қазақстан басшысы Жолдауында.

Сондай-ақ, Жолдауда «Батыс Еуропа, Батыс Қытай» автомагистралімен, «Қорғас-Шығыс қақпасы» құрғақ портымен қатар, қазіргі Жібек жолындағы ынтымақтастықтың інжу-маржаны болып табылатын қазақстандық терминалы бар Ляньюньган порты атап өтілген.

Сапар аясында жетекші қытайлық компаниялармен бірқатар кездесулер өтті, сондай-ақ «Қытай – Еуропа» жүк пойыздары ынтымақтастық форумының визит карточкасына айналған Ляньюньган портындағы Қазақстандық-қытайлық логистикалық терминалының бірлескен кәсіпорнына бару ұйымдастырылды.

Бұл форумға Қытай тарапынан Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің қытай бөлімінің тең төрағасы, ҚХР Мемлекеттік Кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсян, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Сербия, Венгрия және басқа да елдердің бейінді министрліктерінің басшылары қатысты.

Форумға қатысушылар «Бір белдеу, бір жол» бастамасының негізгі буыны болып табылатын Қазақстанның стратегиялық рөлін атап өтіп, оның 10 жылдығы сол жылы атап өтіледі. Осы бастама аясында пойыздардың 90% Қазақстан арқылы жүреді.

2013 жылдан 2022 жылға дейін «Бір белдеу, Бір жол» шеңберінде Қазақстан арқылы теміржол көлігімен контейнерлерді тасымалдау 20 еседен астам өсті және шамамен 6,5 млн.контейнерді құрады.

Сонымен қатар, «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері ҚХР Мемлекеттік Кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянмен екіжақты кездесуге қатысты. Ляньюньган портының президенті Ван Гуочанмен де кездесу өткізіліп, онда тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытуды талқылады, сондай-ақ Қазақстандағы бірқатар бірлескен инвестициялық жобаларды белгіледі.

Анықтама: Ляньюньган — Цзянсу провинциясының ірі өнеркәсіптік, логистикалық, сыртқы сауда және туристік орталығы. Цзянсу аумағында 85 миллион адам тұрады және Қытайдың барлық экономикалық өнімдерінің 10% астамы өндіріледі. Цзянсу провинциясының ЖІӨ 1,8 трлн АҚШ долларын құрайды.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды