Басты назарда – желі бойының тазалығы

Жаңалықтар
05.07.2018, 11:39
Еліміз бойынша биылғы жылдың басты мерекесі саналатын Астана қаласының 20 жылдығына орай Семей ЖТ бөлімшесі бойынша да бірқатар ілкімді шаралар қолға алынды. Соның ішінде шығыс өңірді көктей өтетін желі бойының тазалығы бірінші орында тұр. Осы бағытта бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаевтың бастамасымен іргелі жұмыстар жүргізілді. Соның ішінде Семей қаласының желі бойында орын тепкен қоқыстан көз ашпайтын бірқатар аудандары бойынша тыңғылықты жұмыс жүргізілді. Атап айтсақ, семейлік теміржолшылар көктем шыққалы бері шаһар ішіндегі көтерме базарлар мен жекелеген тұрғынүй секторлары маңына сенбілік өткізуде. Сәйкесінше нәтиже де жоқ емес. Әсіресе, Астана күні мерекесі қарсаңында тазалық жүргізу ісі біршама ширатылды.    – Бүгінде 400 адам теміржол бойында сенбілікке шығып, айналаны тап-таза еттік.  Әйтсе де, жыл сайын осы көрініс. Биыл осы қоқысты аламыз, тазалаймыз, содан кейін келер жылы тағы пайда болады. Қаншама қаражат кетеді. Уақытымызды шығындаймыз, қашан біздің халық тазалыққа үйренер екен, – деп тұрғындарға деген ренішін де жасырмайды бұл тарапта пікір білдірген бөлімше басшысының орынбасары Ерғазы Жұмаділов. Желі бойында жұмыс жүргізетін жолшылар да тазалық жұмысына жұмылған. Бұл тараптағы тағы бір жұмыс, бөлімше басшылығы әкімдік өкілдерімен бірлесіп теміржолға жақын орналасқан шағын және орта бизнес нысандарының жетекшілерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, жергілікті полиция қызметкерлері желі бойындағы аулаларды аралап, қоқыс тастаушыларға айыппұл салуға көшті. Мәселен, сенбілік күндері заңсыздыққа жол берген нысан иелерінің үстінен 500 мың теңгенің хаттамасы толтырылыпты. Тазалық шаралары аясында желі бойындағы нысандарды безендіру, абаттандыру шаралары да қатар қолға алынған. Мұндай шаралар өткен жылы EXPO-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында өткізілген-ді.  Ал биыл астана шаһарының 20 жылдығына арналып отыр.   Қуаныш Қожаев, Семей  
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл