Жолаушылар пойызы жаңа вагондармен толығады

Жаңалықтар
05.07.2018, 11:57
«Жолаушылар тасымалы» АҚ Батыс аймақтық филиалы алдағы айларда 50 жаңа жолаушылар вагонымен толығуы мүмкін. Бүгінде компания басшылығы Қытайда шығарылған ыңғайлы вагондар сатып алу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр деседі. Айта кетейік, көрші мемлекетте шығарылатын жолаушылар вагондарының алғашқы легі еліміздің жолдарында 12 жылдан бері қатынап келеді. Ыңғайлылығы жағынан жолаушылардың көңілінен шыққан вагондар осы жолы Шалқар – Бейнеу теміржол тармағы арқылы өтетін жолаушы тасымалының бағын ашпақ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ Батыс аймақтық филиалының директоры Дархан Ұбайдуллаевтың есебінше, бүгінде филиалда 518 вагон бар: 14 СВ, 248 купе және  222 плацкарт вагондар. Филиал басшысы жолаушылар соңғы жылдары интернет арқылы билет рәсімдеуге жаппай бет бұрып жатқанын, яғни бүгінде жолаушылар тасымалы саласында рәсімделетін билеттердің 73 пайызы интернеттің еншісінде екенін айтады. «Бұл көрсеткіш жыл санап артып келеді. Біздің мақсатымыз – жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасау, артық шығынға ұрындырмау. Сұраныстарын қанағаттандыру десек, бүгінде бұл барлық жағынан мүмкін болып отыр. Бір ғана проблема кей аймақтарда вагондардың ескілігі болса, бұл мәселе де шешімін таппақ», – дейді. Айта кетейік, бүгінде Ақтөбеден екі жолаушылар пойызы Алматыға қатынайды. Түстен кейін №23 пойыз жолға шығады, түн жарымында №33 пойыз құрамы қозғалады. Күндізгі пойызға жолаушылар легі көп те, түнгі пойызға халық саябырсиды екен. «Осы жағдайды зерделей келе, түнгі пойыздан вагондарды жолаушысы көп күндізгі пойызға тіркеп жатырмыз», – дейді Дархан Ұбайдуллаев. Соның өзінде бүгінгі таңда жолаушылар легі артып, сәйкесінше, вагондар жетіспеушілігі сезілуде екен. Сол себепті, компанияның өзге аймақтағы филиалдарынан вагондар алдыртып жатқан да жайт бар көрінеді. – Вагон паркінен мүлдем «сызып» тастайтын вагондар бар. Мәселен, Маңғыстау мен Астананың арасын жалғайтын пойыз вагондары жаңартылған. Ресейдің вагондары. Таза әрі кең. Ал, Маңғыстаудан Алматыға қатынайтын пойыз вагондары, керісінше, жөндеуге келмейді. Ескі. Алдағы айларда 50 жаңа вагон алуымыз керек. Оларды осы Маңғыстаудан Алматыға баратын маршрутқа, яғни Шалқар-Бейнеу тармағына  жібереміз, – дейді филиал директоры. Дархан Скендірұлының айтуынша, тағы бір жайт, Батыс аймағында рәсімделетін билеттер саны 4 пайызға артқан. Жыл басынан бері шамамен 1,5 млн жолаушы жол жүру құжатын рәсімдеген екен. Одан түскен кіріс 23 пайызға артқан. Бұл тек билет кассаларында сатылған билеттер бойынша. Ал, ғаламтордың көмегімен сатылған билеттердің есебін Астанадағы орталық кеңсе жүргізеді. «Ұшаққа мінгенде билетті қолға алып жүрудің қажеті жоқ қой, терминалға құжатпен жақындай бересіз. Осы күндері пойызға мінгенде де жолсерікте жолаушылардың тізімі болады. Тек құжатыңызды көрсетіп міне беруіңізге болады», – дейді филиал директоры. Билет рәсімдеудегі тағы бір жаңалық – егер ойланып, билетті қайта өткізетін болсаңыз, ұсталатын комиссия мөлшері 4-5 есеге жоғарылады. Бұрын билет қайтарып бергшенде 200-250 теңге шамасында ұстап қалатын болса, бүгінде бұл сома 1 000 теңге шамасында. – Мұны алаяқтықпен күрестің бір амалы дер едім. Өйткені, кейбір пысықтар пойыз орнынан қозғалар уақытта билетті кері тапсырып, бірақ қолындағы құжатымен діттеген жерге жетіп қалуға тырысады. Біз акт толтырып, мән-жайды анықтаймыз дегенше, жолаушы баратын станциясына жетіп алады. Мұндай жайттар өкінішке орай кездесіп тұрады. Сондықтан, сондай келеңсіздіктің жолын кесудің бір жолы осы, – дейді Дархан Ұбайдуллаев. Бүгінде «Жолаушылар тасымалы» мобильді қосымша әзірлеу жөнінде бастама көтерген. Демек, алдағы уақытта смартфонның көмегімен билет рәсімдей беруге болатын көрінеді. Айта кетейік, бүгінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ Батыс аймақтық филиалында 2247 жолсерік қызмет етеді, оның ішінде 1543 жолсерік, 63 пойыз басшысы және 237 кассир бар.   Асқар Ақтілеу, Ақтөбе  
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл