Темір жолы - тағдырдың ерекше жазуы

ҚТЖ келбеті
05.05.2022, 19:15
Любовь Подоляк

Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінің басшылығы Құрметті теміржолшы, сала ардагері Еркен Жуанұлы Нұркеевті мерейтойымен құттықтады.

Еркен Жуанұлы өмірінің 40 жылдан астамын темір жолға арнады. Оның есімі теміржолшыларға кеңінен таныс. Қажымас қайраты мен жемісті қызметі, жоғары кәсібилігі, еңбекқорлығы және ақыл-ойының ұшқырлығы арқасында мерейтой иесі әріптестер арасында лайықты құрметке ие. Ақмола жол бөлімшесінде оны аты аңызға айналған тұлға деп атайды, көпшілік үшін ол мамандыққа тәлімгер әрі баулушы жолсерік те болды. Бүгінде оның бұрынғы әріптестері, шәкірттері мен ізбасарлары Еркен Жуанұлын зор құрметпен және жылулықпен еске алады.  

Еркен Жуанұлы бала кезінен теміржолшы болуды армандаған. Ол Қырқыншы станциясында дүниеге келген. Әр күн сайын жүйткіп бара жатқан пойызды көзбен көріп, машиналардың гүрілін алыстан естіп, айналған доңғалақтармен жарыса жүгірген кездері аз емес. Ол үшін бұл керемет көрініс болды. Әскерден кейін Целиноград станциясына жұмысқа келді. Еңбек жолын № 101 разъезд бойынша кезекші болып бастады. Сонымен қатар, мамандық негіздерін меңгеру және пайдалы білім алу үшін Целиноград теміржол техникумында сырттай оқыды. Кейін оларды Алматы теміржол көлігі инженерлері институтында бекітті. 

Жауапты учаскелерде: Анар станциясы бойынша кезекші, пойыз диспетчері, Целинная темір жолының ревизоры болып жұмыс істеді. Атбасар және Арқалық станцияларын басқарды. Арқалық станциясында алюминий кенін Павлодар облысына, сазды Оралға тиімді шығаруды ұйымдастыруға қатысты. Астық сәтті тасымалданды. Еркен Жуанұлы станциялық жұмысты өзінің бес саусағындай меңгеріп алды. Ол жылжымалы құрамды ұтымды пайдалану үшін жаңа шешімдер іздеді.

 Ұзақ жылдарғы өз лауазымында ол Целинный темір жолы тасымалдау бөлімінің бастығы, Бірыңғай диспетчерлік басқару орталығының басшысы, Ақмола темір жолының бас инженері, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің бас менеджері қызметтерін атқарды.  Әр лауазымда мерейтой иесі күрделі міндеттерді сатымен шешіп отырды. Вагондар тапшылығы, учаскелердің өткізу қабілеті мәселелерін шешу қажет болды. Ақмола темір жолы Қазақсельмаш және Целинсельмаш зауыттарының, қиыршықтас зауытының, темір-бетон конструкцияларын шығаратын кәсіпорындардың өнімдерін тек республика бойынша ғана емес, алыс және жақын шетелдерге де тасымалдады. Әлеуметтік маңызы бар жүктер (көмір мен астық) тасымалдау басымдыққа ие болды және солай болып қала береді. Оның басшылығымен пойыздарды құру жоспары өзгертілді, бұл негізінен теміржолға тоқтаусыз табыс әкелетін транзиттік пойыздардың елорда арқылы өтуін ұйымдастыруға мүмкіндік берді.

2015 жылдан бастап Еркен Жуанұлы зейнеткерлік демалыста. 

Көпжылғы адал еңбегі, өз ісін жетік білгендігі үшін ол "Құрметті теміржолшы" белгісімен марапатталды. Оның марапаттарының арасында - "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшылығының, ҚР Көлік және коммуникация министрінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары, "Біртұтас Қазақ темір жолына 50 жыл", "Адал еңбегі үшін" төсбелгілері және "Қазақстан темір жолына 110 жыл" естелік белгісі бар. Бірақ оның ең маңызды теміржолдық марапаты бар – әріптестерінің риясыз құрметі. Бұл - үлкен құрмет әрі зор жауапкершілік.

Еркен Жуанұлы айналасындағыларға да, өзіне де талапшыл болды. Оның жұмыс күні таңертеңгі 6 - да басталып, түн ауа үйге оралатын. Оны үйде отбасының ұйытқысы және барлығына түсіністікпен қарайтын жары Ақлима Қамидоллақызы күтіп отыратын. Өткен жылдың күзінде олар 45 жыл бірге өмір сүрген үйленудің лағыл тойын атап өтті. 

Оларды теміржол табыстырды. Олар вокзалда танысты. Ақлима Камидоллақызы көп жыл темір жолда жұмыс істеген. Ол өзінің еңбек жолын вокзалдан бастады, онда ол әдемі дауысымен пойыздардың келгенін жариялады.  Соңғы жылдары арнайы тасымалдау инженері болды. 

Ерлі-зайыптылар екі қыз тәрбиелеп өсірді. Олардан алты немере бар.

Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда