Алтын кітапқа енген теміржолшы Әби Сарқыншақов өмірден озды

ҚТЖ келбеті
20.09.2022, 10:30

Қыркүйектің 18-ші жұлдызында 88 жасқа қараған шағында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Консультативтік кеңесінің мүшесі, Қазақстанға еңбегі сіңген көлік қызметкері, ұзақ жылдар Павлодар темір жолы бөлімшесін басқарған, есімі Павлодар облысының Алтын кітабына енген Құрметті теміржолшы Әби Сарқыншақов өмірден озды.  

Әби Сарқыншақұлы 1934 жылы 11 мамырда Қызылорда облысы Тереңөзек ауданының Қызылту ауылында дүниеге келген. 1956 жылы Ташкент теміржол көлігі инженерлері институтын бітірген жас маман жолдамамен Қарағанды темір жолының жаңадан ұйымдастырылған Павлодар бөлімшесіне жұмысқа келеді. Еңбек жолын станция кезекшісі болып бастап, инженер, пойыз диспетчері қызметтерін абыроймен атқарып, небәрі 26 жасында Павлодар станциясының бастығы болып тағайындалады. Ал 1975 -1996 жылдар аралығында Одақ темір жолындағы ең күрделі Павлодар бөлімшесін басқарды.  

1997 жылдан бастап ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде бас кеңесші, «Қазақстан темір жолы» РМК Бас директорының кеңесшісі қызметтерін атқарды. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президентінің Солтүстік аймақ бойынша өкілінің орынбасары болды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Консультативтік кеңесінің тұрақты мүшесі.

Үкімет Ә.Сарқыншақовтың теміржол саласының дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады. Кеңестік кезеңде Ленин, Октябрь революциясы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталып, 1970 жылы Құрметті теміржолшы атағын алды.  

Тәуелсіз Қазақстан темір жолындағы ерен еңбегі үшін «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталды. Басқа да түрлі мерейтойлық медальдар мен төсбелгілер, министрліктің алғыс хаты мен грамоталары бар, еңбек жолында 257 марапатқа ие болды.  

Ә.Сарқыншақов – Қазақстан темір жолдарының тарихы туралы төрт кітаптың, салалық, жергілікті және республикалық баспасөзде басылған жүздеген мақалалардың авторы. «Ұмтылмайтын 40 жыл» атты өз өмір жолынан естелік кітап жазып, жарыққа шығарды. Қаланың қоғамдық өміріне белсене араласқан ардагерге 1999 жылы Павлодар қалалық мәслихатының шешімімен Павлодар қаласының Құрметті азаматы атағы берілді.  

Даңқты теміржол ардагерінің қазасына орай отбасы мүшелеріне және барлық туған-туыс, жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Қазақ темір жолының дамуына ұшан-теңіз үлес қосқан Әби Сарқыншақұлының жарқын бейнесі жұртшылық есінде мәңгі сақталады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы мен ұжымы және теміржол саласының ардагерлері: Қ.С.Сәмбетов, А.В.Стародуб, А.С.Селбаев, М.Ш.Хамзин, Н.Қ.Есенғарин, Ю.И.Лавриненко, Б.Е.Шормақов, Б.А.Есенаманов, А.В.Степура, П.П. Синица, Е.Н.Рахметжанов, Ю.А.Расстрыгин, А.Б.Сәрсенбеков, Н.Т.Байдәулетов, Қ.Әлсейітов, Қ.Ы.Котырев, Б.Б.Дүйсемалиев, Б.Қ.Жүнісов, Қ.С.Таласпеков, А.Т.Төлеушин, К.Н.Көкрекбаев, А.Т.Төреханов, Б. Қ. Нарегеев, Д.Д.Есімбеков және басқалар.

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді