Қазақстан темір жолына 120 жыл: велосаяхатшы сапарға шықты

ҚТЖ келбеті
18.07.2024, 12:38
Оқуға 1 мин

Теміржолшыларға жақсы таныс сала ардагері Жұмабай Отарғалиев велосипедімен кезекті саяхатқа шығып, Қазақстан темір жолының бастауы Орынбор-Ташкент темір жолының бойымен жүріп өтті.    

Жұмабай ақсақал Ақтөбе вокзалынан шығып, Хромтау, Әйтеке би, Бершүгір  станцияларынан өтіп, Шалқар арқылы Қызылордаға бет алды. Әрі қарай Түркістан, Сарыағаш станцияларының бойымен жүріп өтіп, Өзбекстан аумағына өтті. Әр станцияда теміржолшы ардагерлермен кездесулер ұйымдастырып, естелік суреттерге түсті. Велошабандоз Орынбор-Ташкент темір жолының 120 жылдығына орай Ташкентке дейін велосипедпен баруды мақсат тұтқан. Сапарын Қазақстан теміржолының 120 жылдығы, Хромтау-Алтынсарин темір жолының 20 жылдығы, Әйтеке бидің 380 жылдығы, Ақтөбе қаласының 155 жылдық мерейтойларына арнады.  

Шілде айының онында жолға шыққан саяхатшы Сыр өңіріне 17 шілдеде жетіп, аял жасады. Бұған дейін Қазалы станциясының теміржолшылары  ақсақалды қарсы алып, керек-жарағын түгендеп шығарып салған екен. Бір апта бойы жолда жүрген саяхатшы-жиһангез  қызылордалықтардың да назарынан тыс қалмады. Кәсіподақ ұйымы тарапынан қолдау жасалып, ұйым белсенділері зейнеткердің сапарын әрі қарай жалғастыруына жағдай жасап, аттандырып салған еді.    

Келесі аптада Ташкент шаһарына жетуді межелеген зейнеткер-велошабандоз  кеше  Қызылорададан шығып, Түркістан, Сарыағаш қалаларын бетке алды. 70 жастағы Жұмабай Отарғалиев 2017 жылдан бастап темір жол бойымен велосипед арқылы түрлі сапарлар ұйымдастырып жүр.  

 

Ардақ Ерубаева, Ақтөбе

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда  

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды