Машинист мәртебесі

ҚТЖ келбеті
02.08.2024, 09:57
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің Жамбыл локомотив пайдалану депосында 35 жылдан астам уақыт еңбек етіп, темір тұлпарды тізгіндеп келе жатқан Ерлік Олжабаев биылғы теміржолшылардың кәсіби мерекесіне орай беделді марапатқа ие болып отыр.

Жүз жылдық тарихы бар байырғы депоның машинисі бұл марапатқа әдбен лайық. Табандылық пен тұрақтылық – оның басты қасиеттерінің бірі. Қай істе де төзімділік танытатын ол мұндай мінез теміржолға келген соң қалыптасқанын айтады. 

– Шыдамсыз адамдар теміржол саласында ұзақ уақыт еңбек ете алмайды. Мысалы, мұғалім немесе дәрігер болатын адам болмысынан белгілі ғой. Олардың бойында мамандықтарына қарай қажетті қасиеттер қалыптасады. Сол сияқты машинистер де жаратылысынан төзімді келеді. Алыс жолға шыққан жанға керек мінез, – дейді Ерлік Білдібайұлы. 

Ол 1985 жылы тепловоз машинисінің көмекшісі болып алғашқы сапарға шыққан кезінен бастап теміржолшыға керек қасиетті дұрыс аңғарып, өзін қалыптастыра білген екен. Әріптестері де оның көп сөзге жоқ екенін, істің адамы екенін айтады.

– Қазір жағдайды осыдан 20-30 жыл бұрынғымен салыстыра алмайсыз. Жылдан жылға тасымалдау процесі жақсарып келеді. Бүгінгі тепловоздар мен электровоздар қуаты жоғары, соған орай еңбек өнімділігі де артқан. Жамбыл локомотив пайдалану депосының паркінде заманауи магистральдық және маневрлік тепловоздар, электровоздар бар. Менің 2-класты тепловоз машинисі біліктілігім бар. 20 жыл бұрын теміржол көлігін дамытуға қосқан жеке үлесім үшін «Қазақстан темір жолына –100 жыл» мерейтойлық медальмен марапатталғанмын. Биыл Қазақстан теміржолына – 120, Жамбыл локомотив пайдалану депосының құрылғанына 100 жыл толған мерейлі жылда да мәртебелі марапатқа ие болып отырмын, – дейді Ерлік Олжабаев. 

1990 жылдан бастап тепловоз машинисі болып тізгінді қолға алған соң, өзіне артылған жауапкершілік жүгі екі еселене түскенін айқын түсінген. Сондықтан жүктелген міндетті мінсіз атқаруға тырысып келеді. Мақтау үшін емес, ел-жұрттың алғысын алу үшін еңбек етті. Ал марапат – ол машинистің мәртебесін арттыра түсетін кезекті абырой биігі, ынталандыру болмақ. 

Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?