Аягөздік ардагерге құрмет көрсетілді

ҚТЖ келбеті
03.04.2025, 12:38
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып, ел игілігі жолында, әсіресе теміржол саласының өркендей беруіне елеулі үлес қосып жүрген аға буын өкілдері ел шығысында да жетерлік. Солардың бірегейі аягөздік ардагер Сейітбек Ешмуратов.  

Зейнет жасына аяқ басса да аттан түспей келе жатқан теміржол саласының тарланы жуырда ерекше марапатқа бөленді. Теміржол саласында 40 жылдан аса еңбек жолы бар Сейітбек Назарұлына Аягөз өңіріндегі тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында полиция қызметкерлерімен бірлесе жүргізген нәтижелі еңбегі үшін ҚР  Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Е.Саденовтің «Алғыс хаты» салтанатты түрде табыс етілді. Астана төрінен жеткен осынау марапатты ел ағасына Аягөз ауданының ІІБ бастығы К.Абишев салтанатты түрде табыстап, ардагердің өнегелі еңбек жолының кейінгі буын жастар үшін үлгі екенін атап өтті.  

Теміржолшылар Сейітбек Назарұлын Ақтоғай локомотив пайдалану депосының ашылуына ерен үлес қосқан қайраткер ретінде жақсы біледі. Ал бүгінде жеке кәсіпкер ретінде қоғамдық жұмыстарға белсене араласуда. Сонымен қатар Аягөз өңіріне танымал меценат. Ақтоғай, Таңсық станцияларымен оған жақын елді мекендер игілігі үшін қосып келе жатқан үлесі аз емес. Сондықтан болар өткен жылы ғана Абай облысы мәслихатының Алғыс хатын алып, «Аягөз ауданының құрметті азаматы» төсбелгісін өңіріне тақты. Ал зайыбы Сәуле Қалиасқарқызы «Офицердің Анасы» төсбелгісімен марапатталды. Бұл – Алматы қаласында полиция қызметінде жүрген қыздары Елдананың еңбегі мен тәрбиесіне берілген баға болса керек.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды