Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырған инженер

ҚТЖ келбеті
18.07.2025, 08:38
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Атбасар жол дистанциясының қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғау бойынша жетекші инженер Марат Ғафуров – туған жердің теміржолын түлетіп келе жатқан маман. Көп балалы отбасында дүниеге келген оның ата-анасы теміржолшылар болғандықтан өзі де болат жолға бет бұрды.

Марат Хайбрахманұлының әкесі вагон депосында слесарь болса, анасы теміржолшылар ауруханасында еңбек еткен. Ағасы Қанат та 40 жыл машинист болып жұмыс істеді. Ал Мараттың өзі Атбасар жол дистанциясына 2003 жылы 2-разрядты жол монтері болып жұмысын бастапты. Алты айдан кейін ақаутапқыш арбасының операторы болып ауысады, сосын аға оператор болды. Сонымен қатар инженер-құрылысшы мамандығы бойынша сырттай жоғары білім алды. 2007 жылы дистанцияның жол шебері болып тағайындалып, бірнеше жыл еңбек етті. Сосын үйренген жұмысы ақаутапқыш арбалардың аға операторы болып тағы бірнеше жыл жұмыс істеді. Ал 2011 жылы Еңбек қорғау жөніндегі инженер болып тағайындалып, дистанция өміріне белсене араласып, бұл бағытта көп жұмыс атқарды.  

– Сол жылдары бірінші кезектегі міндет ауыр және зиянды еңбек жағдайында жол монтері болып еңбек ететін әйелдерді сол қиын жұмыстан босату болды. Еңбек қорғау жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттамалар мен нұсқаулықтарды талапқа сай реттеуге кірістік. Мекемедегі жұмысшылардың аттестаттациясын сәйкестендіру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Бүгінгі таңда Атбасар жол дистанциясында 7 жылдан бері жарақатсыз жұмыс істеп келеміз. Қызметкерлердің штат саны – 612 адам. Дистанция шекарасы Есіл – Астана учаскесі. Бүгінде TARGET ZIRO «Өндірістік қауіпсіздіктің интеграцияланған жүйесі» жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Басты мақсат – өндірісте нөлдік жарақат деңгейіне жету. Менің инженер ретіндегі басты қаруым да, ұстанымым да – қауіпсіздік, – дейді кейіпкеріміз.  

 

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл