Түлкібастық инженердің жобасы миллиондаған қаражатты үнемдеді

ҚТЖ келбеті
22.06.2026, 11:16
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

 Бүгінде жол шаруашылығына «МПЭШ-65» топсалы түріндегі металл полимерлі төсемді жаңғырту» тәсілін енгізудің тиімділігі айқындала түсуде. Мамандардың айтуынша, төсемнің мұндай түрі механикалық беріктікті қамтамасыз етіп, рельске оңтайлы бейімделетіні тәжірибе жүзінде дәлелденген.

Барлық өңірдегі темір  жол саласының жаңашыл, идеяшыл мамандарының басын қосқан «Рационализаторлық – техникалық дамудың негізі» атты конференцияда осы рационализаторлық ұсыныстың авторы – Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі  Түлкібас жол дистанциясының бас инженері Шәмшидин Дадабаев үздіктер қатарынан көрініп, 3-орын иегеріне арналған 259 500 теңгенің қаржылай сертификатына ие болды.

Сала мамандарының сөзіне сүйенсек, бұл рационализаторлық ұсыныс тозған тығыздағыштарды қайта пайдалану және кесу дискісін, тегістеу қағазын және эпоксидті тез кептіретін материалды пайдалану арқылы оны жаңартып, қызмет ету мерзімін ұзарту арқылы металл полимерлі төсемдердің қажеттілігін үнемдеуге мүмкіндік береді екен. 4400093939 жүкқұжатына сәйкес, 1 металл-полимерлі төсемнің құны 70456,88 теңге. Сатып алу үшін қажетті шығындар 70Х70456,88 = 4931981,6 теңгені құрайды:  ұсыныстан кейінгі шығындар көлемі – 3006,96 теңгеге жеткен. Тиісінше экономикалық тиімділік: 4931981,6 - 3006,96 =4 928 974,64 теңгені көрсетіп отыр.

– 2025 жылы мамыр айында желініп, істен шыққан топсалы төсемді алып, жөндеуден өткізіп, МПЭШ - 65 төсемдерін ауыстырып салдым. Бір жылдың ішінде желінбеді, еш сыр бермеді. Бір ғана нүктедегі төсемді жаңғырту арқылы қаншама үнем жасалды. Дистанция бойынша экономикалық тиімділігі 4928974,64 теңгені құрады. Былтыр Абайыл және 4 станциядағы жылыту пункттерінде, 2024 жылы жаяу жүргіншілер төсемдеріне жөндеу жүргіздік, – дейді бас инженер.

«Үздік рационализатор» төсбелгісімен 2022 жылы марапатталған өнертапқыш бас инженердің осы рационализаторлық ұсынысы конкурс қорытындысы бойынша үздік деп танылып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, қаржылай сертификатқа ие болып отыр.    

Темір жол саласында 39 жылдан бері үздіксіз еңбек етіп келе жатқан білікті маман еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ісіне аса жауапты, сала ісін дамытуда ізденісі көп сарапшы. Оның бүгінге дейін жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған   он шақты жобасы  тиісті бағасын алған.    

Әріптестері Шамшидин Дадабаевты кәсіби маман деп бағалайды. ПЧ, ЭЧ, ШЧ дистанциялары басшыларының шақыруымен  практикалық дәрістер өткізіп тұрады. Оған қоса, жыл сайын пойыздардың қозғалысын қамтамасыз ету және малдың шойын жолға шығып кетуін болдырмау үшін магистральдық желі бойына қоршау салу кестесінің жоспарын әзірлейтін көрінеді.

Шамшидин Нәжімұлы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша жетекші инженер болып жұмыс істеген 15 жыл ішінде дистанцияда жұмысшылардың жарақат алу жағдайларының тіркелмеуі – оның өз ісіне қаншалықты жауапкершілікпен қарайтынын көрсетсе керек. Осы нәтиже үшін ҚТЖ басшылығы оны «Еңбекті қорғау саласындағы сенім» сертификатымен марапаттаған.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті