Сарышаған станциясы - жастар мекені

Фоторепортаждар
15.11.2019, 09:14
Асел Танатарова

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ филиалы Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің ең шалғай нүктелерінің бірі – Сарышаған станциясы. Ауа-райы суық әрі жайсыз аймақта орын тепкен станцияда жұмыс жасайтындардың дені – жастар. Оңтүстік пен солтүстіктің белортасында тұрған транзиттік станция жұмысы тәулік бойы бір тынбай, жүк және жолаушы құрамдары әрі-бері жөңкіліп жатыр.

Станция бастығы Руслан Таңатаровтың айтуынша, теміржол бекетінен тәулігіне 20-22 жолаушылар пойызы өтеді екен. Соның ішінде 8 бірдей «ТұлпарТальгомен» қоса жәй жолаушылар пойыздары бар.

– Жүк пойыздарына келсек, тәулігіне оңтүстіктен, Шу станциясы жақтан 25 жұп пойызын қабылдаймыз. Ал солтүстік, яғни Қарағанды жақтан 29 тақ пойызы жүріп өтеді. Сонымен қатар Мойынты станциясы жақтан келетін жүк тиелген және бос вагондар бар. Тәулігіне 1 360 бос вагон келсе, 1 444 бос вагон кетеді. Ал станцияға 1 942 жүк вагоны келеді. Осының барлығына станция тарапынан қалтқысыз қызмет көрсетіп, күніне 1 874 вагон жөнелтіп отырған станцияның жұмысы өте ауқымды, – дейді Руслан Таңатаров.

Айтса айтқандай, екінші класты Сарышаған тораптық станциясы – Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі бойынша ең шалғайда орын тепкен бекет. Көршілес Қарағанды жүк тасымалы бөлімшесіне қарайтын Мойынты станциясымен шекаралас. Түйіспе станциялар болған соң бір-бірімен пойыз аламасады, өзге де жұмыс барысындағы байланыстары жалғасып отырады. Негізгі тораптық станция болған соң өндірістік жұмыстың дені Сарышағанда атқарылады екен. Сондықтан жұмысы ауыр және қауырт, табиғаты қатал аймақтағы станцияға соңғы жылдары жастардың көп шоғырланып жатқаны құптарлық іс екені рас. Станцияға басшылық етіп алымыз жаман емес. ҚТЖ-ның, оның ішінде өзіміздің Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің де жастарға көрсететін қолдау-көмегін сезінеміз, бұл бізге жігер береді, осы салаға адам еңбек етіп, оның дамуына үлесімізді қосуға тырысамыз», – дейді 2017 жылдан бері станция кезекшісі болып қызмет ететін Алмат Қайратұлы. Алмат жас отбасы иесі, бір баласы бар екенін мақтанышпен жеткізді.

Жастардың қатарында станция кезекшілері Олжас Медиев те, Дамир Дәуіт те, Думан Жомартов та өз кәсіптерін шебер меңгерген сауатты мамандар. Пойыз құрастырушы Бақытқали Әбдіғалиев те осындай жастардың қатарынан, болашағын осы станциямен байланыстырады.

– 2016 жылдың шілдесінен бері Қазақстан темір жолының өз алдына бөлініп шыққан жүк тасымалы станция, локомотив және вагон шаруашылықтарын қосып алып «Жүк тасымалы» АҚ болып қайта құрылды. Бұл өте оңтайлы шешім болды деп ойлаймын, бүгінде барлық қозғалысқа, ондағы жүк тасымалына жауапты осы үшеуі бір-бірімен жымдаса жұмыс істеп, барлық шаруаны бірге атқарып келеді. Теміржол тасымалының негізін құрайтын да осы үш шаруашылық екені анық қой, пойызды тартатын локомотив керек, жүк таситын вагон керек және олардың қозғалысын реттеп отыратын – станция, – дейді Руслан Таңатаров.

Әрине, станция ЭЧ-34 белгі беру және байланыс дистанциясымен, ЭЧ-23 энергиямен жабдықтау дистанциясымен де, ПЧ-48 жол дистанциясымен де тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Соның арқасында электрлік орталықтандырылған бұрмалармен, бағдаршамдармен күнделікті жұмыстың қалыптасқан жүйесі бұзылған емес. Сондай-ақ, станцияда ВП-37, яғни қалпына келтіру пойызы және НОРП-17 өрт сөндіру пойызы да бар.

– Станция Мойынтыға дейінгі төрт станцияға да қызмет етумен айналысады. Егер Сарышағанға кіре алмай қалған тастанды пойыздар болса, оларға көмектесетін барлық қызмет біздің территориямызда тұрады. Сарышаған мен Мойынтының ортасында Науалы, Весна, Қаражыңғыл, Шешенқара деген шағын станциялар орын тепкен, – дейді станция бастығы.

Қызметкерлерінің 50 пайызын жастар құрайтын станция биылғы қысқы маусымға толық әзірлікпен келді. Жылу жүйесі орталықтандырылған электр жүйесіне қосылған. Станция, парк кезекшілері отыратын орындар, станцияның әкімшілік кеңсесі, барлығы сол электрлік жылу жүйесімен қамтылған. «Күзгі бақылау кезінде анықталған кемшіліктердің барлығы қалпына келтірілді. Пойыздардың қауіпсіздігі, адамдардың амандығы, техника қауіпсіздігі басты назарға алынған. Ешқандай төтенше жағдай орын алған емес», – дейді Руслан.

Шалғайдағы нысанға қажетті материалдықтехникалық құрылғылар мен теміржолшылардың арнайы киімдері жыл сайын Жамбыл жол бөлімшесі арқылы толықтырылып, жеткізіліп тұрады екен. Бүгінде станцияда штатқа сәйкес 31 адам жұмыс істейді. Олар станция бастығы мен оның оперативтік жұмыс жөніндегі орынбасарынан бөлек, 5 станция кезекшісі және көмекшілері бар, 9 оператор мен 5 пойыз құрастырушы, жүк багажын қабылдап-тапсыратын 3 адам және 1 тауар кассирі оңтүстік пен солтүстіктің шекарасындағы өтпелі станцияның шаруасын дөңгелетіп отыр.

Ары-бері пойызбен өткен жолаушы Шу мен Қарағандының ортасындағы жазық далада жатқан Сарышаған станциясынан балық сатып алады. Балқашты жағалай қоныстанған елдің күн көрісінің бірі осы – балық. 

Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Инфрақұрылым
26.08.2026
Қазақстанның транзиттік жолдары жаңа мүмкіндіктерге жол ашты
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды