Сайрам станциясы: шағын болса да шаруасы мығым

Фоторепортаждар
20.10.2020, 21:05
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Сайрам – Шымкенттің іргесіндегі, оңтүстіктің шырайлы тұсында орналасқан шағын станция, небәрі 8 теміржолшы еңбек етеді. Сексен жылға жуық тарихы бар аядай ұжым қозғалыс қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз етіп, теміржол тасымалына өз үлесін қосып келеді.

Станцияда төрт жол бар, басты жол, тұйыққа қабылдау-жөнелту жолы, вагондардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жөнелту жолы. Станция басшысы Марат Арапханның айтуынша, жолдар жөндеуден өткізілген, ПЧ-53 жұмысшылары қалпына келтіру жұмыстарын уақытылы орындауда. ШЧ тарапынан станция паркінде 2 жоғары вольтті шам орнатылыпты. Біреуі станция алдында болса, екіншісі парктің ортасында орналасқан. Жарықтандыру мәселесіне шағым жоқ екен. 

Сайрам станциясынан көбіне құрылыс шикізаттары, яғни өңделмеген және дайын заттар, мұнай өнімдері – дизельді жанармай, бензин және бидай түсіріледі. Бұдан басқа, бидай өнімдері, ұн, дайын құрылыс заттары мен темір тиеліп, жөнелтіледі. 

Станция жолынан екі жақтан да жұп және тақ пойыздарды қабылдау мүмкіншілігі бар. Бірден 40 вагонға дейін қабылдай алады. Айына вагон айналымы шамамен 265 вагонды құрайды, 250 вагон жүк түсірілсе, 15 вагон жүк тиеледі. Сондай-ақ, Сайрамда вагондар тарқатылғанымен, сұрыпталмайды екен. Станция толығымен ККЖ АБЖ (АСУ ДКР) жүйесіне қосылған. Қағазсыз технология мұнда да жұмыс жасап тұр. 

– Жыл басынан бері станцияда атқарылған жұмыстар аз емес, станция ғимаратының шатырын толығымен ауыстырып, аумағын қоршап көгалдандырдық. Станцияға тиісті аймақтарда апта сайын қоқыстар тазартылып, қыста қардан, көктем мен жазда ай сайын шөбін орып отырамыз. Жылына екі рет косметикалық жөндеу жұмысын жүргізіп, керекті жерлерін сырлап, әктеп отырамыз. Өткен жылы дәлізге кафель төсеп, 2 кабинеттің едені жаңартылған болатын. Қысқасы, менімен қосқанда 4 станция кезекшісі, 1 тауар кассирі, 2 жүк қабылдаушы болса да теміржолшыларға жұмыс істеуге жайлы жағдай жасалған. Ал карантин уақытында станция Түркістан облысының бас дәрігері шығарған үкімге тиісті жұмыс жасадық.

Яғни күніне мекемені екі мезгіл хлормен тазалап, ескерту мен қауіптің алдын алу туралы ережелерді көрнекілендіріп, тиісті жерлерге іліп қойдық. Одан бөлек дезинфекция құралдары орнатылды. Арақашықты сақтай отырып күнделікті жұмысымызды үзбей жалғастырдық, – дейді станция басшысы Марат Арапхан.

Станцияда еңбек қорғау жағдайы толығымен сақталған. Әрбір жұмысшыға кестемен сәйкес маусымдық киімдер беріліп отырады. Жол апаты мен мал қағу фактілері орын алмаған. 

Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда