Күзет қызметінде кінәрат жоқ

Қауіпсіздік
04.09.2023, 15:51
Оқуға 2 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

«Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Атырау филиалының күзетшілері өз міндеттерін мінсіз атқарып, объектілер мен жүктердің күзеті мен теміржол қозғалысының қауіпсіздігін жүзеге асыруда.  

«ӘТЖК» Атырау филиалында бүгінде 578 адам жұмыс істейді. Теміржол торабындағы арнайы күзет қызметін жүзеге асыратын жалғыз құрылымның аймақтық бөлімшелері де жыл сайын жаңарып, дамып, жетіліп келеді. Болашақта қосымша объектілер көбею мүмкіндігіне орай қызметкер саны да артуы мүмкін.  Атырау филиалының қызмет көрсету учаскесінің жалпы ұзындығы 2163 шақырым. Оның ішінде Атырау 770, Маңғыстау 1393 шақырым. Күзет сарбаздарының қатарында жас мамандармен қатар, бұрынғы ішкі істер қызметінің, ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері мен әскерилер де бар.  

Атырау филиалының жұмыс барысы туралы мән-жаймен қанықтырған оның  басшысы Ербөлеков Серік Қабашұлының айтуынша, филиалдың құрамында 11 команда мен топтар бар. Олар – Атырау облысында Сағыз, Мақат, Құлсары, Атырау, Ганюшкино, Маңғыстау облысында Бейнеу, Манғыстау, Сай-Өтес, Өзен станцияларында, шұғыл әрекет ететін оңтайлы топ және биыл шілде айында қайта қабылданған стратегиялық маңызы бар Атырау станциясындағы Орал және Соколок өзені арқылы өтетін темір жол көпірін күзететін атқыштар командалары. Күзет қызметі сарбаздары қатарында ерен еңбегімен көзге түсіп жүргендері аз емес. 1982 жылдан бері үздіксіз жұмыс жасап келе жатқан бірінші санатты маман, «Адал еңбегі үшін» белгісінің иегері Н.Морозов, Ресеймен шекаралас, Астраханьмен шектесіп жатқан Ақсарай және Ганюшкино станциясында, ең бір жауапты әрі қиын да күрделі аймақтағы күзетші С.Тұрақбаев, Сағыз командасы басшысының орынбасары Қ.Адайбаев және басқа да азаматтар қырағы қызмет етіп, өз міндеттерін үлкен жауапкершілікпен атқарып жүр. Бөлімшеде күзет қызметінің әдіс-тәсілдерін үйрену бойынша техникалық сабақтар, жаттығулар, үнемі өткізіліп тұрады. Жалпы филиал қызметкерлері өз объектілерін жіті бақылап, ұрлық, тонау фактілерін болдырмай, олардың алдын алуда бар мүмкіндіктерін жұмсауда.  

– Күзетшінің жұмысы өміріне және денсаулығына қауіп әкелетін жағдаймен байланысты болғандықтан олар қызметтік қарумен, қорғаныс құралдарымен және арнайы киіммен қамтамасыз етілген. Филиал жағдайы жыл сайын жақсарып, техникамен жабдықталып келеді. Жалақы уақытылы беріледі, әлеуметтік пакет сақталған. Өз қызметкерлеріміздің денсаулық жағдайын жасауға да мүдделіміз. Өндіріс орнында бақытсыз оқиғаға ұрынған адамдарға бір айлық жалақысын сақтай отырып, емделу шығыны төленеді. Басқа да ем-домға медициналық және материалдық көмек көрсетіліп тұрады. Жазда балалар лагеріне жолдама  беріледі, зейнеткерлерге материалдық көмек ұсынылып тұрады, – дейді филиал басшысы.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды