Былтыр Жамбыл облысында 700-дей теміржолшының конституциялық құқығы қорғалды

Қауіпсіздік
09.01.2024, 10:24
Суретті түсірген Александр Жабчук
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Теміржолшылардың еңбек қауіпсіздігінің сақталуы, жалпы конституциялық құқығының қорғалуы көлік прокуратурасының назарынан тыс қалмайды. Жамбыл көлік прокуратурасының мәліметінше, былтыр қадағалау қызметі 700-дей теміржолшының конституциялық құқықтарын қорғап, тиісті шешімдер қабылдаған.

Олардың дені – әлеуметтік, құқықтық тұрғыда туындайтын мәселелер бойынша жұмысшылардың өтініш-тілектеріне қатысты жайттар.  

«Былтыр желтоқсан айына дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» және «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі филиалдарының 11 лауазымды тұлғасына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 972-бабының 3-бөлігіне сәйкес 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – дейді Жамбыл көлік прокуроры Аслан Әбілдаев.  

Қадағалау қызметі өткен жылы теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі саласында бірқатар бұзушылықтарды анықтаған. Оның ішінде тепловоздарды сапасыз жөндеу, электровоздарға техникалық және сервистік қызмет көрсету секілді кемшіліктерге жол берілген.  

Сондай-ақ жоспарлы-алдын алу жөндеуінен өтпеген 26 локомотивті пайдалану фактісі тіркелген. Көлік прокурорының сөзіне сүйенсек, қосалқы бөлшектермен және материалдармен жеткіліксіз жарақтандыру, темір жолдарды сапасыз ұстау сынды олқылықтар да орын алған. Соған байланысты үш қадағалау актісі енгізіліпті. Бес жауапты тұлға тәртіптік, тағы үшеуі әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 559-бабының 6-бөлігіне сай әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

 

Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді