Жамбыл өңірінде жыл басынан бері малды пойыз басып кетудің 13 фактісі тіркелді

Қауіпсіздік
23.01.2024, 08:54
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жыл басынан бері өткен небәрі 20 күннің ішінде Жамбыл өңірінде ірі қара және ұсақ малды пойыз басып кетудің 13 фактісі тіркеліп отыр. Орын алған жағдай төрт түлік иелерін ғана шығынға батырған жоқ...

Келеңсіз оқиғалардың салдарынан локомотивтер бүлініп, пойыздардың кешігуі орын алды. Қазіргі кезде тиісті органдар орын алған жағдайларға байланысты талдау жүргізіп, жиналған материалдар ҚТЖ өкілдеріне жіберілді.

Мамандардың айтуынша, пойыздардың мал басу жағдайларының басым көпшілігі кешкі алакөбең шақта немесе таңертеңгілік уақыттарда болған. Қараусыз малдың қары аршылған жол бойын жағалай жайылатыны түсінікті.  

– Машинистер малды басып кетпеу үшін шұғыл тежегішті басып, жылдамдықпен келе жатқан пойызды тоқтатуға тырысады. Ал бұл жағдайда басқа да техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауға мүмкіндік болмай жатады. Мал иелерінің өзіне келер шығын тағы бар, айыппұл төлегеннен бөлек ақ-адал өсірген малынан кім айрылғысы келеді дейсің. Ендеше, шығасыға иесі басшы, халық төрт түлігіне ие болса, екі жаққа да қып-қызыл шығын мұндай келеңсіз оқиғалар азазяр еді, – дейді Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция капитаны Р.Заппаров.  

Орын алған 13 жағдайға байланысты 100 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылуда. Локомотивтердің бүлінуі мен пойыздардың кешігуіне байланысты залал сомасын өндіріп алу үшін сотқа материалдар дайындауда. Теміржолшылар тұрғындардан төрт түлікті әкімдіктер бөлген арнайы жайылымдарға ғана жаюды сұрайды.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті