Таразда еңбек қауіпсіздігіне арналған республикалық семинар өтті

Қауіпсіздік
21.05.2024, 11:10
Суреттерді түсірген Диас НҰРМАҒАНБЕТОВ
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – Жамбыл жүк тасымалы филиалы «Еңбек кодексі: Жұмысшының мүддесі үшін» атты республикалық семинар ұйымдастырды. Тараз қаласында өткен семинарға барлық өңірден келген вагон пайдалану деполарының бас инженерлері мен еңбекті қорғау саласына жауапты мамандар қатысты.

Жиынды ашқан «ҚТЖ» ҰК» АҚ Бас инженері-техникалық саясат департаментінің директоры Рамазан Садырқұлов өндірістік саладағы ең маңызды мәселе еңбек қауіпсіздігін талқылайтын бүгінгі семинарда жауапты мамандардың жауапкершілігін арттыруға баса мән берілетінін атап өтті. 

– Біз еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыруға назар аударып отырмыз. Әдетте еңбек қауіпсіздігінің талаптарын түсіндіретін жиындарға бас инженерлерді шақыртсақ, олар еңбекті қорғау ісіне жауапты жетекші инженерлер немесе инспекторларды бірге ала келеді. Әрі қарай жұмыс барысында барлық жауапкершілік соларға жүктеліп жатады. Еңбек қауіпсіздігі мәселесіне ең бірінші бас инженерлер жауапты. Сондықтан алдымен жаңа ереже-талапты солар түсініп, оны өндірісте қалай жүзеге асырылатынын қадағалауы керек, – деді Рамазан Болатбекұлы.  

Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитарлықэпидемиологиялық бақылау басқармасының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Сәуле Қожанбекова өндірісте кездесетін кәсіби аурулар және оның алдын алу шаралары туралы баяндама жасады. Баяндамашы өз сөзінде өндірістік сырқаттардың эпидемиологиялық салдарын түсіндірді.  

Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» Жамбыл облыстық филиалының бас сарапшысы Айғайша Қадырбекова қолданыстағы заң талаптарын тарқатып айтты. Бас сарапшы баса көңіл бөлген мәселелер – заңға енгізілген өзгерістер мен жүргізілетін аттестацияның басты қағидалары.  

Семинарға қатысушылар тарапынан бас сарапшыға өндірісте кездесетін оқыс жағдайларға байланысты еңбекті қорғаудың талаптары бойынша көптеген сұрақтар қойылды. Маман заң шеңберінде қарастырылатын ереже мен міндеттемелерге сүйене отырып, түйткілді мәселелерді шешуге болатынын түсіндірді.

«Medium clinic» ЖШС-нің өндірістік дәрігері Наталья Федотова жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын инсульт және инфаркт дертінің алдын алуда көрсетілетін жедел көмек шараларына кеңінен тоқталды. Бұл сырқаттардың әлеуметтік-экономикалық маңызы бар екенін тілге тиек етіп, ауру белгілері байқалған жұмысшыға бастапқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін кешенді ем алу керектігін айтып өтті. «Мысалы, қан қысымы шамадан тыс көтеріліп тұрған адамнан медициналық жолмен тамырдан қан алып, қан қысымын төмендетіп, қауіптің алдын алуға болады. Алайда бұл мұндай жағдай қайталанбайды деген сөз емес. Қайталанбауы үшін арнайы ем-шара қажет», – деді.  

Семинарда «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Вагон шаруашылығы департаментінің бас инженері Нұрлан Кенесаров пен Жамбыл ЖТ бөлімшесінің бас инженері Дүйсенбек Сыдықов еңбек қауіпсіздігін сақтау және өндірісте кездесетін қатерлердің алдын алу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру бойынша мазмұнды баяндама жасады. Жамбыл бөлімшесінің бас инженері Дүйсенбек Сыдықов туындайтын қауіп-қатерлердің түпкі себептерін атап өтті.  

Жамбыл бөлімшесінде атқарылған жұмыстар бойынша көрсетілген видеоролик баяндамашының сөзін нақтылай түсті. Жалпы, Жамбыл бөлімшесі 3 облыс және Қырғызстанмен шекараласатын аймақтарды қамтитын 1236 шақырым жолда жүк және жолаушылар тасымалын қамтамасыз етеді. Тасымалдың 93 пайызы – электровоз, 7 пайызы – тепловоз арқылы жүргізіледі. Бөлімшеге қарасты 2 локомотив, 1 вагон пайдалану депосы бар. Ал еңбекті қорғауды қамтамасыз ету үшін 28 техникалық инспектор бекітілген.  

Бөлімшеде 25 қаңтар – 27 наурыз аралығында еңбекті қорғау айлығы жарияланып, мекемелерде жоспардан тыс 92 нұсқау беру жиындары өткізіліпті. Сонымен қатар 294 тексеру жүргізіліп, 400-ден астам талапқа сай келмейтін кемшіліктер анықталған. 82 нұсқама берілген. 3062 жұмысшыны қамтыған 263 техникалық дәріс өткізілген.

Есепті мерзімде 1295 арнайы нұсқаулық қағаздары толтырылып таратылған.  

– Еңбек қауіпсіздігін сақтауда жауапты мамандарды ынталандыру мақсатында техникалық инспекторлар арасында байқау өткізілді. Сондай-ақ «Қауіпсіз жұмыс орны» тақырыбында видеофильм конкурсы ұйымдастырылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар, сыйлықтар табыс етілді, – дейді Дүйсенбек Сыдықов.  

Семинардың екінші бөлімі өндірісте туындаған қауіп-қатерлердің себептерін талдау-саралауға арналды. Жамбыл бөлімшесіне қарасты ВЧД-27 вагон пайдалану депосының бас инженері Сағидулла Әбиев еңбек қауіпсіздігінің негізгі факторларына талдау жасады. Сонымен қатар ВЧД-25, ВЧД4, ВЧД-30 вагон пайдалану деполарының бас инженерлері Р.Абубәкіров, Ж.Әліқұлов, Г.Байзақов баяндама жасады.  

Вагон шаруашылығы департаментінің бас инженері Нұрлан Кенесаров жасалған сараптамалар бойынша семинар қатысушыларын ашық талқылауға шақырды. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қауіптің салдарын емес, себебін анықтау аса маңызды екенін атап өтті. Практикалық бөлімде бас инженерлер төтенше жағдайда қандай шешім қабылданса, тиімді болатынын талқылап-талдады. Проблемалық мәселелердің шешімін бірлесе іздеді. Өндірістегі жарақаттануларды азайту жолдары бойынша ұсыныс-пікірлерін талқыға салды. Семинар вагон деполарының бас инжерлері үшін пайдалы әрі тиімді практикалық сабақ болғаны анық.  

Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті
Қауіпсіздік
24.07.2026
Техникалық тексеріс жалғасуда
Аймақтар
24.07.2026
Қаперде ұстайтын қағида
Қауіпсіздік
24.07.2026
Сайөтес станциясында «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Аймақтар
24.07.2026
Атырауда жарты жылда 29,7 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
24.07.2026
Теміржол тарланына тағзым
Спорт
24.07.2026
Ақмолада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
24.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №56 24 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
23.07.2026
Орта дәліздің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан транзиттік серіктестікті күшейтіп жатыр
Аймақтар
23.07.2026
Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
23.07.2026
Транскаспий дәлізін дамыту: Олжас Бектенов Маңғыстаудағы стратегиялық жобалардың жүзеге асуын тексерді
Аймақтар
23.07.2026
Теміржолшылар мал иелеріне мал жаю ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.07.2026
Шалқарда ҚТЖ мен Wabtec серіктестігі аясында жаңа өнер мектебі салынып жатыр
Әлемде
23.07.2026
Германияның барлық вокзалында алкоголь тұтынуға тыйым салынады
Жүк тасымалы
23.07.2026
ҚТЖ желісі бойынша жарты жылда 157 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды