Жамбылдық теміржолшылар рейд өткізді

Қауіпсіздік
16.08.2024, 10:25
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбылдық теміржолшылар мен желілік полиция қызметкерлері өндірістік емес жарақаттанудың алдын алу бойынша бірлескен рейд өткізді. Таңертең Тараз станциясынан басталған рейдтік іс-шара бірнеше орында жалғасты.

Тараз станциясында транзиттік, қабылдап-жөнелту, жолаушылар және сұрыптау парктері бар. Жамбыл ЖТ бөлімшесінің бас инженері Дүйсенбек Сыдықовтың айтуынша, парктер күндіз-түні жолаушы және жүк пойыздарын қабылдап алып, тиісті қызметін көрсетіп, әрі қарай жөнелтіп жатады. Бір сөзбен айтқанда, пойыздар қозғалысы үздіксіз.

– Міне, дәл осы жер – парктердің арасын жалғап жатқан станцияның өзегі. Шаһардың Байзақ батыр көшесінің бойында орналасқан Тараз станциясында қызметкерлерге арналған теміржолды кесіп өтетін өткел бар. Талап бойынша бұл жерден тұрғындарға өтуге болмайды. Бүгін біз осында желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен бірге рейд өткізіп, тұрғындарға ескерту жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Басты мақсат – жазатайым оқиғалардың алдын алу. Жалпы Жамбыл бөлімшесі ай сайын осындай іс-шараларды өткізіп тұрады. Ал бірлескен жұмыстар әр тоқсанда бір рет ұйымдастырылады, – дейді Дүйсенбек Сыдықов.  

«Жаяу жүргіншілерге өтуге болмайды» деп тыйым салынғанымен, теміржолдың арғы және бергі бетіндегі тараздықтар әріректегі өтуге рұқсат берілген өткелден айналып жүргісі келмей, осы тұстан кесіп өтеді. Әсіресе ертеңгі, түскі, кешкі уақыттарда жаяу жүргіншілер қарасы көп.

Тараз станциясының бас инженері Ерсін Шардарбековтің айтуынша, осындай «час пик» кезінде екі жақта да пойыздардың өтіп біткенін күтіп, әжептеуір адам жиналып қалады екен. «Кей кездерде тура өткелге келіп тоқтап тұрып қалған пойыздың қайта жүріп, өтіп кеткенін күткісі келмеген тұрғындар вагондардың астынан өтеді. Бұл енді өте қауіпті. Теміржолдың қауіпті аймақ екенін естен шығармаған жөн», – дейді ол. Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Мақсат Дүйсембиевтің сөзіне сүйенсек, бүгінге дейін теміржолдан белгіленбеген жерден өткені үшін Әкімшілік Кодекстің 559-бабының 5-бөліміне сәйкес 1308 тұлға, ал осы баптың 1-бөлімінде көрсетілген талапқа сай теміржол бойында мал жайғаны үшін 81 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.  

– Өкінішке қарай, тіркелген оқиғалардың біреуі қайғылы жағдаймен аяқталды. Екі адам ауыр жарақаттанып, ауруханаға түсті. Тұрғындардың ескертулер мен түсіндірулерге қарамастан жолды кесіп өтуінің кесірінен пойыздарды шұғыл тоқтатудың 54 дерегі тіркелді, – деді майор.  

Желілік полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция аға лейтенанты Сералы Кембаев рейд барысында бір сағаттың ішінде теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 15-ке жуық тұрғынға жазбаша ескерту берілгенін жеткізді. «Полиция қызметкерлері азаматтардың жеке құжаттары бойынша электронды түрде ескерту парағын толтырды. Ескерту парағына жаяу жүргіншілер қол қоюуы тиіс. Алайда, өз қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан шараға қарсылық көрсетіп, дау тудырғандар да болды», – дейді Сералы Ералыұлы.  

Жалпы қауіпті учаскелерде машинистер жылдамдықты төмендетіп, жолға аса сақ қарайды. Дегенмен пойыздың тежеу қашықтығынан бөлек вагондардың салмағы, пойыздың екпіні бар, қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмай қалатын кездер де кездеседі.  

Рейдке қатысушылар тұрғындарға теміржолдан өткен кезде есте сақтауы тиіс ережелерді түсіндірді. Арнайы буклеттер мен жадынамалар таратты.  

Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?