Қауіпсіздік – ортақ міндет

Қауіпсіздік
13.01.2026, 09:06
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс қаласында теміржол және автомобиль жолдарында ауыл шаруашылығы жануарларының жолға шығуынан туындайтын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесін талқылаған жиын өтті.

Қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандықтың төрағалығымен өткен мәжіліс жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды. Жиынға тараптағы теміржол мекемелері басшыларынан бөлек, Арыс-1 станциясындағы желілік полиция мен аудандық полиция бөлімдері, қалалық ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ауылдық округ әкімдері мен ветеринарлық бекет меңгерушілері қатысты.  

Басқосу барысында Арыс-1 станциясындағы желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары Н.Орынбаев ағымдағы жылы теміржол бойында тіркелген оқиғалар туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, жыл басынан бері темір жолда 55 рет шұғыл тежеу қолданылған. Соның ішінде жолға адамның шығуы - 5 рет, жылқы - 10 рет, ірі қара - 20 рет, ұсақ мал - 20 рет тіркелген. Осыған байланысты темір жолға жақын орналасқан елді мекен тұрғындары арасында ауыл әкімдіктері мен ветеринария мамандарының қатысуымен түсіндіру жұмыстарын күшейту ұсынылды.  

Автомобиль жолдарында да ауыл шаруашылығы жануарларының жолға шығу мәселесі сөз болды. Қараусыз малдың жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, мал иелеріне де елеулі материалдық шығын әкелетіні айтылды.  

Айта кетейік, елімізде Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларына» сәйкес, жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде, темір жол және автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінде, сондай-ақ су және санитарлық қорғау аймақтарында мал жаюға тыйым салынады. Қадағалаусыз жүрген жануарлар қараусыз мал ретінде есептеледі.  

Жиын қорытындысында тұрғындарға өз иелігіндегі үй жануарларын қараусыз қалдырмау, әсіресе түнгі мезгілде қауіпсіздікті арттыру мақсатында малға жарық шағылыстырғыш таспалар тағу жөнінде үндеу жасалды. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 559-бабына сәйкес, теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бұзған тұлғалар жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.

 

Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді