І топтағы мүгедектерге билет алу кезінде жеңілдік қарастырылған ба?

Сұрақ-жауап
29.09.2022, 17:49

1-ші топ мүгедектеріне  билет алу кезінде жеңілдік бар ма?

Меруерт Ергешбаева  

2021 жылдан бастап барлық топтағы мүгедектерге арнап әлеуметтік маңызы бар пойыздарға жеңілдікпен жол жүру құжатын онлайн ресімдеу қызметі іске қосылған. Билеттерді Bilet.railways.kz сайтынан онлайн сатып алуға болады.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.04.2015 ж. № 545 бұйрығымен бекітілген "Жолаушылар, багаж, жүкбагаж бен почта жөнелтілімдерін тасымалдау" ережесінің 17-тармағына сәйкес әлеуметтік маңызы бар қатынастарға жол жүретін барлық топтағы мүгедектерге, сондай-ақ мүгедек балаларға жол жүру құжаты құнынан 50% мөлшерінде жеңілдік көзделген.

Жол жүру құжатын жеңілдікпен онлайн ресімдеу үшін жолаушы тіркеуден өтіп, "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының билет кассасынан "Мейірім" электронды дисконт картасын  алуы және картаны іске қосу үшін тиісті символдарды теруі қажет.

Жолаушы клиенттер базасына тіркелген соң, үйден шықпай-ақ билетті онлайн түрде сатып ала алады.

Пойызға отыру және жол жүру кезінде жолаушыда өзімен бірге жеке басын куәландыратын және мүгедектігін растайтын құжаттарының түпнұсқалары болуы тиіс.

 

Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі