Жарқын есімді оқырманымыз жолаушы пойызда өзімен бірге қанша келі жүк алып жүре алады деген сұрақ қойған екен.
Қол жүгі – жолаушы жүк бөлігіне салмай, темір жол вагонының салонына өзімен бірге алып кететін жүк.
Ересек жолаушы немесе бала үшін сатып алынған әрбір жол жүру құжаты (билет) үшін жолаушы өзімен бірге 35 келіден аспайтын қол жүгін тегін ала алады. Бұл ретте үш өлшемнің (ұзындығы, ені, биіктігі) қосындысы бойынша қол жүгінің өлшемі 200 см-ден аспауы керек (Мысалы: ұзындығы - 120 см, ені - 40 см, биіктігі - 40 см). Испандық «Тальго» компаниясының вагондарынан жасалған пойыздарда жүкті алып жүру нормасы аз және 25 килограмды құрайды, үш өлшемнің қосындысының өлшемі 150 см-ден аспайды.