Майдангер теміржолшының формасы

Темір жол тарихы
07.04.2025, 13:23
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай барлық музейлерде соғысқа қатысты деректер жинақталып, халық назарына ұсынылуда. ҚТЖ Орталық музейінде тұрған соғыс ардагерінің формасы жайлы мүзей меңгерушісі Ақмарал Молдашева өте қызықты мәліметтер берді.  

Музейде көп жылдан бері құнды қазынадай сақтаулы тұрған бұл форма Құрметті теміржолшы, соғыс ардагері Петр Алексеевич Спиринге тиесілі екен. 1915 жылы Саратов облысы, Вольск облысы Меровка селосында дүниеге келген ол тағдырдың жазуымен бүкіл өмірін Қызылордада өткізген. 1924 жылы Қызылорда облысының Сұлутөбе станциясына қоныс аударған отбасы сол жерге сіңісіп, қалып қойыпты. 1931-1933 жылдар аралығында Түркістанда ФЗО-да оқып,  слесарь мамандығын алып шыққан болашақ теміржолшы еңбек жолын Қызылорда паровоз депосында слесарь болып бастап, бірнеше жылдан соң паровоз машинисінің көмекшісі болып, тағы біраз жылдан кейін машинист біліктілігін алады.  

Соғыс жылдары айрықша резервтегі НКПС №73 колоннасының құрамында майдан мен тылды жалғап жанкештіліктің асқан үлгісін танытып,  ерлікпен еңбек еткен жауынгердің бірі аға машинист Петр Алексеевич Спирин болды. Қызылорда паровоз депосынан құрылған 20 локомотив бригадасының әрбір сапары ерлік пен каһармандыққа толы болғаны тарихтан белгілі. 1944 жылы Спиринге «Құрметті теміржолшы» атағы беріледі. Сонымен қатар «Сталиндік жобаның екпіндісі» және «Үлгілі паровозшы» белгісімен марапатталады. 1944 жылы паровоз құрылысына 300 000 рубль жинағаны үшін Бас қолбасшының КСРО Алғыс хатын алды.

1945 жылы шілде айында 7-колонна Үкіметтің тағы бір айрықша тапсырмасын орындады. Алдыңғы қатарлы машинистер Жоғарғы бас қолбасшы И.В.Сталин бастаған үкімет мүшелері делегациясын тарихи Потсдам конференциясына пойызбен жеткізді. Пойыз жолы Мәскеуден бастап, Брест, Варшава, Познань, Берлин арқылы өтті. Варшава-Познань телімінде тарихи паровозды машинист Петр Спирин басқарды. Тәжірибелі және алдыңғы қатарлы машинист ретінде оны Берлин бағытында жолаушылар пойызын тасымалдауға 1948 жылға дейін қалдырады. Уақыты біткеннен кейін ол Қызылордасына қайта оралады.    

1948 жылдан 1978 жылға дейін паровоз және тепловоз машинисі болып жұмыс істеген П.Спирин «Германияны жеңгені үшін», «Ерен еңбегі үшін», тағы басқа марапаттарға ие болып, 1978 жылы құрметті еңбек демалысына шығады. Теміржол көлігіндегі жалпы еңбек өтілі 43 жылды құрады. 4 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген соғыс және еңбек ардагері 1985 жылы Қызылорда қаласыңда қайтыс болып, сонда жерленген.  

– Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс жылдарындағы теміржол, соғысқа қатысқан теміржолшылар туралы әртүрлі ақпараттар, қызықты фактілер жинаудамыз. Бұған Қазақстандағы барлық теміржол мұражайлары атсалысуда, – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Орталық музейінің меңгерушісі Ақмарал Молдашева.  

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды