Қызылорда жолаушылар вагондарын жөндеу депосының ұжымы байырғы теміржолшымен кездесті

Әлеумет
14.12.2021, 18:07
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Жолаушылар вагондарын жөндеу депосының ұжымы ардагерлер кеңесінің төрағасы Сисенбі Шермахановпен кездесіп, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы естеліктерін тыңдады, деп хабарлайды Rail-news.kz. «Нұр Отан» партиясының «Теміржол» филиалы төрағасының орынбасары Базара Танбаеваның ұйымдастырумен өткен кездесу қызықты да тағылымды болды. Сисенбі Шермаханов жас әріптестері тарапынан «Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қиындықтарды қалай шештіңіздер, кімдер көмек жасады, пойыздар қозғалысы қалай ұйымдастырылды, вагондарды жөндеу жұ- мыстары қалай жүрді?» деген сұрақтарға жауап беріп, естеліктерімен бөлісті.

– Ел тәуелсіздігі жарияланған уақытта мен Қызылорда вагон жөндеу депосының дайындау цехында шебер болдым. Вагондарға қажетті қосалқы бөлшектерді дайындау маған жүктелген еді. Алғашқы жылдары жиналған қор пайдаланылды, уақыт өте олар да түгесіле бастады, сырттан келетін ештеңе жоқ, енді оны өзіміз іздеуге шықтық. Осы жерде айтылуы тиіс мына нәрсе, теміржол саласының қайраткері Н.Есенғарин Одақ кезінде Жол қатынастары министрлігінде жұмыс істеген тәжірибелі де беделді адам болғандықтан тәуелсіздіктің алғашқы жыл- дары Қазақстанның теміржол саласына көп көмегі тиді. Біздерге қатысты сұрақтардың мүмкіндігінше оңтайлы шешіліп, орталықтан көмек берілудің жолын қарастырып, көп жәрдем жасады. Ол кісі тек біздің бөлімшеге ғана емес, бүкіл еліміздің теміржолы қозға- лысының тоқтамауына орасан күш жұмсады, – деп еске алады Сисенбі Шермаханов.

Вагондарды жөндейтін құрал табылғанмен, қажетті бөлшектердің жеткілікті болма- уынан он вагонның ішінен жарамсыз бір вагонды «құрбандыққа» шалып, барлық бөлшектерін алып жөндеуді қажет ететін вагондарға салып, қиындықтан шыққан аға буынның ерлікке пара пар еңбегі шынында құрметке лайық еді.

– Вагон бекітпелеріне керекті бұранда мен оның асай-мүсейлерін қолдан құйып шығаруға мәжбүр болдық. Ол үшін қаладағы темір-терсек қабылдап дайындайтын «Чермет» мекемесінен жаңағы өлшемдегі бұрандаларды, бөлшектерді жасап шығаруға жарайтын темір әкеліп беріп, олар оны қолдан құйды. Осылайша жоқтан бар жасап күн көріп, вагондардың депода тұрып қалмауын жүзеге асырдық. Тәуелсіздіктің тұсында қандай қиындық болса да уақытша деп қабылдадық, қолдан келгенше әрекет жасап, алдағы жарқын күндерге қадам бастық, – дейді ардагер.
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі