Қазалы вагон пайдалану депосы мен кәсіподақ басшылығы ардагерлерге құрмет көрсетті

Әлеумет
24.01.2022, 15:35
Оқуға 2 мин
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қазалы вагон пайдалану депосының бастығы Арғын Орымбаев пен ұжымның кәсіподақ ұйымының төрағасы Бақытжан Ибрайым бүгінде зейнет демалысындағы бір топ ардагерлердің шаңырағына арнайы барып, хал-жағдайларын білді.

Олар зейнетке кетсе де әрдайым депоның дамуына алаңдаушылық білдіріп, тілектес болып, ұжымның абыройы үшін тәлімгерлік тәрбиесімен көмектесетін ардагерлерге амандаса барып, иықтарына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Вагон депосына отыз-қырық жыл еңбегі сіңген Ерқосай Қабылов, Нұрулда Орынбаев, Маргенбай Арықбаев, Ұзақбай Үсенбаевтың қай-қайсысы да кезінде ұжымның абыройын арттырып, табысын еселеуге өлшеусіз үлес қосқан аға буын. Өз кезеңінде депо басшының орынбасары, вагон қараушы-жөндеуші секілді түрлі салада жұмыс жасаған зейнеткерлер қазіргі деподағы жаңалықтар мен орын алып жатқан өзгерістерден үнемі хабардар болып, депо басшылығына өз ұсыныстарын айтып, пікірлесіп тұрады. Ұрпақтар сабақтастығы үзілмеген ұжымда кешегі және бүгінгі буынның бас қосуы дәстүрге айналған. Тек соңғы екі жылда елдегі пандемияға байланысты ондай мүмкіндік азайып кеткені де рас. Сондықтан депо басшысы мен кәсіподақ төрағасының арнайы келіп, сәлем беруін адагерлер де құп алып, қуана қауышты. Емен-жарқын әңгіме өрбітіп, пікір алмасып, соңғы жаңалық-өзгерістерден хабардар болған аға буын ізбасар інілеріне еңбекте табысты болуға тілек білдірді.

– Депо біздің екінші үйіміздей болып кеткен, сондықтан оның жақсы жаңалығына сүйініп, жамандығына күйініп, сырттай тілеулес болып отырамыз. Жамандықтан құдай сақтасын, әрине. Шүкір, жігіттер тек жағымды жаңалықтарымен қуантады, бұл жолы да талай ізгі шараларын естіп, риза болып қалдық, – дейді депо ардагері Ерқосай Қабылов.
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды