Елордадағы «Нұрлы жол» вокзал кешені қызметкерлерінің 93 пайызы коронавирусқа қарсы екпе алды. Бүгінгі таңда вокзалда 319 адам еңбек етсе, соның 250-і вакцина алған.
Вокзал кешені адами ресурстарды басқару бөлімінің бастығы Мағжан Орынбасардың айтуынша, қызметкерлердің ішінде 12 адамда медотвод болса, 57 адам бала күтіміне байланысты декреттік демалыста, 26 адам ревакцина алған.
– Вокзал – қайнаған қазан секілді, мұнда адамдар үздіксіз келіп-кетіп жатады. Сондықтан вокзал қызметкерлері – халықпен ең көп жұмыс істейтін мамандар. Сол себепті олар өздерінің қауіпсіздігін және отбасының да жағдайын ойлап, әуел бастан екпе алуға мүдделілік танытты. Бастапқыда Спутник V вакцинасын алатын. Қазіргі таңда бізде көбіне отандық QazVac және Sinofarm екпелерін алуда, – дейді М.Орынбасар.