Сыр елінің теміржолшылары көктемгі тазалық жұмыстарын бастады

Әлеумет
18.03.2022, 09:50
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Алты ай қыстан кейін табиғатананың тоңы жібіп, тіршілік жанданып, жасарып-жаңғыруы жүретін көктемнің алғашқы айы тУды. Теміржолшылар үшін дәстүрге айналған тазалық айы басталды.

Қазақстан темір жолы бойындағы станция-бекеттерде кең ауқымда тазалық жұмыстары жүргізілуде. Теміржолшылар айналаны қыс бойы жатқан күл- қоқыстан тазартып, ағаштардың түбін қопсытып, ақтап, жаңадан тал-дарақтар отырғызуда.

Сыр елінің теміржолшылары биыл 15 наурызды табиғатпен үндестік күні деп жариялап, жалпы тазалық жұмыстарына ұластырды. Қызылорда теміржол вокзалында, Қызылорда электрмен жабдықтау және Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының шеберханаларында басталған жұмыстар Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Шиелі өрт сөндіру пойызында жалғасты. Ауысымдағы өрт сөндірушілер аулада өсіп тұрған ағаштардың түбін қопсытып, ақтап, тыңайтқыштар төгіп, кей жерлерге жаңадан ағаш көшеттерін екті. Ал сәуір-мамыр айларында гүл отырғызу жұмыстары басталады.

Жалпы, бөлімшенің оңтүстігіндегі станцияларда көктемнің лебі алғаш сезіледі. Қылтиып көрінген көк жылылықтың, көктемнің хабаршысындай болатыны рас. Биылғы қыс жұмсақтық танытты, содан болса керек, аймаққа көктем ерте келді. Сондықтан, наурыздың он төртінен бастап жыл қайыра бастайтын сыр халқы биыл да білек сыбана шаруасын қамдауға кірісіп кетті.

Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты