ҚТЖ ұжымы соғыс көрген ардагерлерге сый-құрмет көрсетті

Әлеумет
13.05.2022, 10:35
Оқуға 1 мин
Фото: Александр Жабчук
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекелерін арнайы бағдарлама шеңберінде атап өтті. Ұлттық компанияда 22 ҰОС ардагері, Халықтық жол және қатынастар комиссариаты арнайы құрылымдарынан 5 адам және 2881 тыл еңбеккері есепте тұр. 

Мереке қарсаңында жас теміржолшылар 85 ардагерге азық-түлік себетін табыстаса, өздігінен жүріп-тұратын 65 тыл еңбеккері мен сала ардагерлері салтанатты жиынға арнайы шақырылды. 6 мамыр күні елордалық ардагерлер мен тыл еңбеккерлері «Отан-Ана» Отан қорғаушылар монументіне гүл шоқтарын қойып,  соғыста қаза тапқан майдангерлерді еске алды. Мерекелік шара компанияның орталық ғимаратында өткен концерттік бағдарламамен жалғасып, Жеңіс күніне орай компания қызметкерлерінің соғысқа қатысқан туыстарының суреттері компания сайтында жарияланып, орталық ғимараттың үшінші қабатында ілінді. 

Концерттік бағдарлама әдеттегідей компанияның өнерпаз қызметкерлерінің күшімен ұйымдастырылды. Соғыс және тыл ардагерлерін компания жастары қызыл кілеммен өткізіп, қошеметпен қарсы алды. Сахнада «Әскери вальс», «Катюша», «Көк орамал» билері орындалып, соғыс кезіндегі әндер шырқалды.

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды