Сыр елінің теміржолшылары ғасырға жуық жасаған қарт-жауынгерге қаржылай қолдау көрсетті

Әлеумет
13.05.2022, 12:00
Оқуға 2 мин
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының ұжымы 99 жастағы майдангер Жүнісов Төлеген қарияны Жеңісінің 77 жылдық мерекесімен құттықтап,  батасын алды. Дистанция мен кәсіподақ ұйымы атынан қаржылай көмек пен азық түлік пакетін табыстап, ардагерге мықты денсаулық бақуат өмір тіледі.  

Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданының қазіргі Қаракөл ауылында 1923 жылдың желтоқсанында дүниеге келген Төлеген қария бүгінде тоқсан тоғыз жаста. Бейбіт күннің бақытты ғұмыр көріп отырған Төлеген қария Ұлы Отан соғысына 1942 жылдың мамыр айында аттанып, Ұлы Отан соғысында I-дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «За боевые заслуги» және «Ерлігі үшін» секілді медальдармен марпатталған.  

1946 жылы  соғысынан оралған Төлеген Жүнісов алғашында ауылшаруашылық саласында түрлі жұмыстар жасап, 1978 жылдардан бастап темір жол саласына ауысады. Қараөзек стансасында ОРС НОД-тың жылжымалы вагон-дүкенінде сатушы болды.  Онан соң 1983 жылы зейнет демалысына шыққанға дейін Қызылорда белгі беру және сигнализация дистанциясында еңбек етті.  

- Соғыстан кейін қай салада жұмыс жасасам да өз еңбегімнің жемісін көрдім.  Адал еңбе етіп, төрт бала өсіріп,  қазір солардан  немере-шөбере сүйіп отырмын. Қалалық әкімшілік тарапынан 2010 жыл қөп қабатты үйден пәтер берілді. Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында кешегі соғыс даласына саяхат жасап келдім, теміржолшы майдангер ретінде жалғыз менің баруыма осындай мүмкіндік жасаған Ұлттық  компания мен дистанция басшылығына разымын. 

Адам қанын төгу оңай емес, қарақтарым, Отан үшін отқа түстік. Ол от бізді жаудан аман алып қалды. Бірақ талай жап-жас қыршын қиылып жатты. Кейде кебінмен емес кебенекпен көмілген боздақтар, майдандастар есіме түскенде мен ертең Құдайдың алдына барғанда қалай жауап берер екенмін деп ойланамын,-деп егілді қарт майднгер қаруластарын еске алып...

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды