Жамбылдық майдангерлер де Жеңіс күні қошеметке бөленді

Әлеумет
13.05.2022, 12:10
Оқуға 2 мин

Ұлы Жеңістің 77 жылдығы - Жеңіс күніне орай жамбылдық теміржолшылар қарт майдангерлердің отбасында болып құттықтап қайтты. Жамбыл Жүк тасымалы бөлемшісенің директоры Молдахмет Қожабеков, кәсіподақ комитетінің төрағасы Серік Ақшорав алдымен Жамбыл желілік ішкі істер бөлімінің ардагері Иван Макеевтің шаңырағында болды.

1927 жылдың 10 шілдесінде Тамбов облысының Мучкапск ауданының Мучкап селосында дүниеге келген ардагер Забайкалье майданында ерекше мақсаттағы радиодивизионның барлаушысы болып қызмет еткен. Харбин, Мукден, Чань—Чюнь қалаларын азат ету шайқастарына қатысты. Соғысты Чань-Чюнь қаласында аяқтайды.

Иван Макеев 1951 жылға дейін осы қалада әскери қызметте болып, 1952 жылдан бастап милиция органдарында, Жамбыл стансасы желілік ішкі істер бөлімінде қызмет етеді. 1967 жылы Алматыдағы жоғары милиция мектебін бітіріп, оперативтік қызметкерден ОБХСС бастығына дейінгі қызмет жолынан өтеді. Подполковник атағын алған. «Отан соғысы» орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» т.б.  мерекелік медальдарымен марапатталған.

Сондай-ақ, екіншүі майдангер Базарбай Бүрбаевтың шаңырағында болған теміржолшылар қарияға ұзақ өмір тілеп, ақ батасын алды. 1924 жылы 10 желтоқсанда Жамбыл қаласында  дүниеге келген Базарбай қария 1942 жылы әскерге шақырылып, арнайы дайындықтан өткен соң 393-атқыштар полкінде минометші болады. Манчжурия, Мугден, Харбин тағы басқа қалаларды  азат етуге қатысқан.   

«Қызыл жұлдыз» ордені, «Ерлігі мен қайсарлығы» үшін», «Жапоноияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған  майдангер әлі тың. Ол 1949 жылдан 1988 жылға дейін Жамбыл локомотив депосында үздіксіз машинист болып еңбек етті.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды