Жаңаөзенде тұратын тыл ардагерін құттықтады

Әлеумет
13.05.2022, 12:07
Оқуға 1 мин
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жаңаөзен айналым депосының ұжымы мен цехтық кәсіподақ ұйымы Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай Жаңаөзенде тұратын тыл ардагері Жұма Сүйіндіковты құттықтады. Ақсақал депода біраз жыл тепловоз тізгіндеп, талай шәкірттің қанатын қатайтқан. 

Бағалы сыйлық пен жеміс-жидек, дәрумендерге бай тағамдар толдырылған себеті мен Жеңіс белгісі бейнеленген торт алып келген кешегі әріптестеріне алғысын айтып, батасын берген қария  өкінішке орай қос жанары көруден қалса да ой-санасы сергек қалпы,  үйге өзі кіріп-шығып, жастарға ақыл-кеңес, әңгімесін айтып отырған жайы бар.  

Жұма Сүйіндіков құжаты бойынша 1930 жылы Түркіменстанда туып, сол жерде еңбекке араласқан. 1941-1945 жылдары колхозда жұмыс істеген. Соғыс біткесін 1946 жылы Красноводск қаласындағы ФЗО-да оқып  тепловоз машинисінің көмекшісі кәсібіне машықтанады. Бітіргесін Уфра қаласына сол мамандығы бойынша жұмысқа барады. Әскери борышын өтеп келегн соң машинистке оқып, 1954 жылы тепловоздың оң жақ қанатына отырады.  1966 жылы Маңғыстауға қоныс аударғасын да осы жұмысын жалғастырып, 1985 жылы зейнеткерлік демалысына шығады.  Алайда денсаулығы сыр бермегесін жұмысын жалғастыра береді, басшылық та тәжірибелі машинистен айрылғысы келмей  1996 жылға дейін өлке темір жолында тек төккен ардагер  тұп тура жарты  ғасыр еңбек еткен екен.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды