Ақтөбеліктер Жеңіс күніне орай "Ардагерлерге тағзым" акциясын ұйымдастырды

Әлеумет
13.05.2022, 12:25
Оқуға 1 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

9 мамыр - әрбір қазақстандық үшін ерлікке, Отан үшін от кешкен батырлар рухына тағзым ететін күн. Әрдайым ардагерлерге құрмет көрсетудің озық үлгісін жасайтын теміржолшылар айтулы мерекеде еңбек майдангерлерін де құттықтады. 

Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлер  саусақпен санарлық. Теміржолшылар арасында  еңбек майданында болған ардагерлердің өзі сиреп қалды. Мереке күні Ақтөбе магистральды желі бөлімінің кәсіродақ ұйымы "Ардагерлерге тағзым" акциясын ұйымдастырып,   теміржол саласында ұзақ жыл еңбек еткен тыл ардагерлері Екатерина Бережная мен Алтынай әжейдің шаңырағына барып, Жеңіс күнімен құттыктады.

«Отан үшін жанын қиып, еліне жеңіс сыйлаған батырларымызды еске алу, оларға құрмет көрсету парыз. Батыр бабаларымыздың ерлігі жастарға үлгі-өнеге. Олар ел мен жерін қорғап, қан майданда от кешті. Сол оқ пен оттың арасынан аман оралғандары елдің қайта түлеуіне, дамуына үлесін қосты. Мұның бәрін қазіргі ұрпақ біледі, ешқашан ұмытпайды», - деді Ақтөбе магистральды желі бөлімінің кәсіподақ басшысы Айша Қалағанова. 

Сонымен қатар, Бершүгір жол дистанцисының ұжымы тыл ардагерлері Збира Жүгініс, Сағынай Құлжан, Қалия Күзембаева, Ыбырайым Сейсенбі және Өтепберген Қалдин есімді қариялардың  шаңырағында болып, ардагерлерге себет толы жемістер мен бағалы сыйлықтар табыс етіп, мерекемен құттықтады.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды