Қызылордада оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Әлеумет
27.05.2022, 11:06
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Күнделікті өндірістік жұмыстарымен қатар жол бойының тұрғындарын теміржолдың қауіп-қатерінен сақтандыру – бүгінде барлық аймақ теміржолшылары үшін қосымша жұмысқа айналғалы қашан...

Тіпті қосымша жұмыс емес, кәсіби міндетке айналған десек болғандай. Кез келген адамның теміржол бойында бейберекет жүруі қауіпті екендігі баршаға түсінікті болғанмен бейсауыт жандардың өз өмірлерін қатерге тігуі тыйылар емес. Оқу жылының соңғы күндері құрамында Қызылорда станциясының бас инженері Сағымжан Есмаханов, Әскерилендірілген теміржол күзетінің шұғыл әрекет ету тобы басшысының орынбасары Жандос Тарманов және ЖІІб ӘПб құқық бұзушылықтың алдын алу тобының инспекторы, полиция лейтенанты Берік Аққалиев бар топ станция маңындағы №6 мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Ертең каникулға шығатын балаларды аса қауіпті аймақ – теміржолда абай болуға шақырды. «Тоқтаңыз! Басып кету қаупі бар» акциясы аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қауіп-қатердің аяқ астында екенін түрлі мысалдармен көрсетті. Әсіресе, құлаққап кигендер келіп қалған пойыз даусын естімей опық жейтіндері айтылды. Түн мезгілінде бейсауыт жүрмеу керектігі, кез келген бұзақылық, заңсыз әрекет үшін өздері немесе ата-аналары қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін екені ескертілді. Қауіпсіздік жадынамасы мен ескерту парақтары таратылды.

– Акция аясында мектептер мен қоғамдық орындарды аралап, тұрғындарға қауіпсіз жүріп-тұру ережелерін сақтауды ескертіп, бала-шағаның вагон терезелеріне тас атып әйнегін сындыру секілді бұзақылықтар үшін қандай жауапкершілікке тартылатынын да айтып жатырмыз. Мұндай жұмыстарға құқық қорғау өкілдерінің қатыстырылуы маңызды, өйткені жанымызда полиция өкілі болмаған жағдайда адамдар ескертуімізді елең етпейтін болды. Жалпы қауіпсіздік акцияларының бәрі теміржол бойында адам өміріне төнетін қауіптің алдын алу, адамдар өмірін сақтауға бағытталған, дей тұрғанмен, сол адамдар өз өмірлеріне немқұрайлы жауапсыз қарайтыны өкінішті, – деді станцияның бас инженері Сағымжан Есмаханов.

Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты