Атыраудағы спорт жарысында «Тұлпар» командасы алғы шептен көрінді

Әлеумет
29.06.2022, 11:10
Оқуға 1 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Биыл «Қазақстан темір жолы» компаниясына 25 жыл және Салалық кәсіподақ ұйымының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Соған орай жер-жерде өтіп жатқан мерейтойлық старт Атырауда да жалғасын тапты.

Салалық кәсіподақ ұйымының Атырау өңірі өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен спорттық шараға Атырау, Ақжайық, Теңдік станциялары, Атырау локомотив, вагон пайдалану деполарының теміржолшы- лары мен бөлімшенің басқару аппараты мамандары қатысты. «Тұлпар» және «Жайық» атты екі командаға бөлінген қатысушылар әр топта 19 адамнан эстафета, түрлі кедергілерден өту, жүгіру, секіру сияқты спорттық ойындардан жарысты. Әрине, старт болғасын мұнда ең алдымен жылдамдық, шапшаңдық, тапқырлық маңызды роль атқарады. Әсіресе, түрлі кедергілерден өту қиын әрі қызық болды. Бұл бір жағынан жұмысшылардың спорттық ойындарға деген бейімділігін, қызығушылықтарын арттырып, дене қозғалыстарын жеңілде- ту арқылы қан айналымын жақсартып, денсаулықтарын сауықтыруға үлкен сеп. Екіншіден, топпен бірге жұмыс істеуге, ауызбіршілікке, бірлікке шақырады. 

Жарыс соңында «Тұлпар» командасы ептілікпен қатар тапқырлық танытып, алға озды. Екі команда да сый-сыяпатсыз қалмады, барлық қатысушыларға ақшалай сыйлық берілді. «Теміржолшылар арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында алдағы уақытта да мұндай жарыстар ұйымдастырылатын болады» дейді кәсіподақ ұймының спорт нұсқаушысы Ринат Иманғазиев.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды