"Балалар жылы" аясында экскурсиялық тур өтті

Әлеумет
22.07.2022, 12:21
Оқуға 2 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстандағы Балалар жылы және Кәсіподақтың 30 жылдығы шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлерінің балаларына арналған экскурсиялық тур өтті.

Шілденің 19-22 аралығында өткен турдың алғашқы күні балалар Бейбітшілік және келісім сарайы, Ботаникалық бақ, Триумфальдық арка, «Атамекен» этно-мемориалдық кешенін аралап, кешкісін Есіл өзенінде теплоходпен серуендеді. Ал сәрсенбі күні Бәйтерек монументі және MEGA Silk Way сауда үйінде орналасқан «Evrikum» таңғажайыптар саябағында, ҚР Ұлттық мұражайында болып, тарихи жәдігерлерді тамашалап, мол мағлұмат алды. Сол күні кешкі аста балаларды «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев құттықтап, кішкентай меймандардың сәтті демалып, жақсы көңіл-күймен оралуына тілектестігін білдіріп, оларға балмұздақ таратты. Балаларға кешкісін аниматорлар әртүрлі байқаулар мен ойындар, флешмоб, челлендждер ұйымдастырды. Ал кеше балалар «Думан» ойын-сауық кешеніндегі Мұхитаралды, Экзотариум және «Джунгли» паркін аралады. Сонымен қатар қонақ үйдің фитнес-орталығындағы бассейнде шомылып, пицца дайындау бойынша шеберлік сабағына қатысты. Жұма күні балалар пойыздарға отырып, үйлеріне қайтады. 

– Биыл біз еліміздің шалғайдағы станцияларында тұратын теміржолшылардың 70 баласына экскур- сиялық тур ұйымдастырып отырмыз. Бейнеу, Сексеуіл, Мақат, Жаңаарқа, Күмістау, Аягөз, Өскемен станцияларынан, яғни әр станциядан 10 баладан жиналды. Және бірінші кезекте көп балалы және аз қамтылған отбасының балаларын қамтуға тырыстық. Экскурсиялық турды, түрлі бағдарламаларды ұйымдастыру, қонақ үй, демалыс, тамақ мәзірі, топтарды қарсы алып-шығарып салу, т.т. жұмыстар түгел Орталық Кәсіподақ кеңесі қызметкерлерінің күшімен және қаражаты есебінен жүзеге асырылып отыр, – деген «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев балаларға ары-бері пойыз билеттерін жергілікті кәсіподақ комитеттері сатып алғанын атап өтті.

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды