Жергілікті жобаларға басымдық беріледі

Әлеумет
09.08.2022, 12:29
Оқуға 3 мин

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы саналатын «Samruk-Kazyna Trust» қоры өңірлердегі жұмысты күшейте түспек. Компанияның әлеуметтік жобаларын жүргізуде «ҚТЖ» ҰК» АҚ маңызды рөл атқарады.

Атап айтқанда, қор арқылы бірнеше жылдар бойына шалғай ауылдарды тегін консультациялық және диагнос- тикалық қызметпен қамтамасыз етіп келе жатқан медициналық пойыздардың жұмысы және басқа да түрлі қайырымдылық шаралар өткізуде «Қазақстан темір жолы» компаниясына зор жауапкершілік жүктеледі.

«Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиеваның айтуынша, 2023 жылдан бастап қайырымдылық жобаларын іске асыру кезінде олардың 30%-да жалпы елдік ауқымдағы жобаларға көңіл бөлінбек. Ал 70%-ында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары бар өңірлердегі жергілікті жобаларға басымдық беріледі.

Қор мемлекеттік саясатпен үйлесімді жұмыс істеуге мүдделі. Ағымдағы 2022 жылды Мемлекет басшысы «Балалар жылы» деп жариялағаны белгілі. Сондықтан балаларды қолдауға басымдық жоғары. Мәселен, Жетісу, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында дамуы бұзылған және пайда болу қаупі бар балаларға, сондай-ақ олардың отбасыларына ерте диагностикалық және абилитациялық көмек көрсетуге бағытталған орталықтар құрылуда.

«Samruk-Kazyna Trust» қоры Қазақстандағы ең күрделі әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысып келеді. Мысалға «Самұрық-Қазына» қорының кәсіпорындары бар өңірлерді дамыту аясында биыл Жаңаөзен қаласының 3 мектебі жиһазбен және интерактивті панельдермен жабдықталса, елордада отбасылық аула клубтарын демеу арқылы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар үшін түрлі секциялар ұйымдастырылуда. Шымкент қаласында нейро-ортопедиялық бұзушылықтары бар балаларды оңалту қолға алынбақ. «Балаларға өмір сыйла», «Аутизмді жеңеміз!», «Жетім балаларсыз Қазақстан» жобалары жалғасын табуда. Аға буын өкілдеріне қамқорлық танытуда «Тағылым» және «Жеңіс» жобалары жүзеге асырылуда. Бұдан басқа, «Samruk-Kazyna Trust» мемлекеттік тілдің көкжиегін кеңейтуде «Soyle» жобасын қолдауды жөн деп тапты.

– (7172) 57-68-98 нөмірі арқылы арнайы жедел желі (call-орталық) іске қосылды. Қызметтік поштамыз info@sk-trust.kz, әлеуметтік желіде парақшаларымыз жұмыс істеп тұр. Біз қазір адамдар негізгі ақпаратты әлеуметтік желілерден тұтынатынын түсінеміз. Көмекке мұқтаж адамдардың оны қалай алуға болатынын білуі керек. Мысалы, сал ауруына ұшыраған немесе аутизмі бар балалардың ата-аналары біздің қолдауымызбен оңалту орталықтарына тегін жүгінуге болатынын білуі өте маңызды. Сондай-ақ олар осы орталықтардың қайда екенін, олардың байланыс нөмірлерін және тағы басқа жайттарды білсе дейміз. Сондықтан бүгінгі таңда осындай мәліметтерді әлеуметтік желілерде жариялап жатырмыз. Қордың 2022 жылға арналған Қайырымдылық бағдарламасы 10 миллиард теңгені құрайды, – дейді «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева.

Қор қаржылық шығынын көтеріп алған «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздарындағы дәрігерлер озық құрал-жабдықты пайдалана отырып, шалғай станциялардағы халыққа білікті медициналық қызмет көрсетуде.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды