Кәсіподақ қолға алған игі іс

Әлеумет
26.08.2022, 11:20
Оқуға 1 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

«Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде биыл да жалғасын тауып жатыр. Игі шара кәсіподақтың қолдауымен өтуде, деп хабарлайды Rail-news.kz.

 Акцияның мақсаты – 4 және одан көп балалары бар отбасыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармай қалуын болдырмау. Оқу жылы қарсаңында аз қамтылған және көп балалы теміржолшылардың балаларына сыйлық жасалды. Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша кәсіподақ ұйымдарының ұйымдастыруымен 50 отбасының 1 сыныпқа баратын 220 баласына, ал Атырау магистральдық желі бөлімшесі бойынша 60 отбасыға, 3,4,5-класты станцияларда тұратын теміржолшы балаларына, яғни 140 оқушыға сөмкеден бастап барлық мектепке қажетті оқу құралдары табыс етілді. Сонымен қатар ұжымдық шартқа сәйкес әлеуметтік аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 824 балаға 2 АЕК көлемінде көмек берілген.  

– Шыны керек, биылғы жылы қымбатшылық қысып тұрғаны рас, соған сәйкес қиналып қалып жатқан ата-аналар да бар. Сол себепті аз қамтылған отбасы балаларын барынша қамтуға тырыстық, – дейді кәсіподақ ұйымының төрағасы Нұрбол Нұрышев.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды