Облыстық коэффициент: екі кезеңде жүзеге асырылады

Әлеумет
27.09.2022, 10:31
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржолшылардың жалақысын төлеуде «учаскелік» коэффициенттен «облыстық» коэффициентке көшу – бір облыс ішінде бірыңғай өңірлік коэффициентті қамтамасыз етеді. Ал ол өз кезегінде бірдей қызмет атқаратын жұмысшылардың еңбекақысында айырмашылық болмауына ықпал етеді. Жаңа жүйеге «ҚТЖ» ҰК» АҚ биыл 1 шілдеден бастап көшті.

 Бұл туралы толығырақ «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Адами ресурстарды басқару және әлеуметтік саясат департаментінің кадр ісі маманы Әсел Ибраевадан сұрап білдік. Айтуынша, биыл 1 қаңтардан бастап серіктестіктің желілік филиалдары қызметкерлерінің айлығы саралай отырып көтерілген. Атап айтқанда, 2-9 разряд бойынша жалақы 40 мың теңгеге, 10-13 разряд бойынша 35 мың теңгеге, 14-19 разряд бойынша 30 мың теңгеге өскен. Жұмысшылардың жалақысын саралап көтеруде негізгі акцент өндірістік персонал мамандықтарына берілген. Нәтижесінде пайызға шаққанда төмен жалақы алатын мамандардың айлығын анағұрлым өсіру көзделіп отыр. Бұл ретте жалақыны өсіруді қаржыландыру көзі – «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның операциялық және инвестициялық шығындарын  оңтайландыру есебінен жинақталған жеке қаржысы. Жалпы алғанда ұлттық компания айлықты көтеруге 70 млрд теңге жұмсамақ,  соның ішінде Жүк тасымалы бойынша 30 млрд теңгеге жуық қаржы қарастырылады.  

– Жалақыны көтеру мүмкіндігі тікелей еңбек өнімділігімен байланысты. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биыл жалақыны саралап өсіру әдісімен орташа айлық жалақы жетекші мамандықтар бойынша 24-тен 40 пайызға дейін артты. Қазақстан теміржолында жұмысшылардың жалақысын төлеу бойынша тарифтік кестеде 3 біліктілік разрядынан бастап ынталандырудың ішкі разрядты интервалдары қолданылады, мұны ЛАГ деп атайды. Сонымен биыл жыл басынан бері жалақы төлеу лагын жұмысшының еңбек өтіліне қарай бекіту қайта қарастырылды. Жұмысшыны жұмысқа қабылдар кезде 1 лаг 5 жылдық еңбек өтілі бар разрядтағы мамандарға берілсе, 2 лаг 5-15 жылдық тәжірибесі бар қызметкерлерге беріледі. Сол сияқты 3 лаг 15-30 жылдық, 4 лаг 30 жылдан артық еңбек өтілі бар теміржолшыларға бекітіледі, – дейді Ә.Ибраева.  

Өңірлерде әлеуметтік жағдайды жақсарту және ынталандыру мақсатында бірыңғай «облыстық» коэффициентке көшуді екі кезеңге бөліп жүзеге асыру жоспарланған, яғни бірінші кезеңі осы жылдың 1 шілдесінен басталса, екінші кезеңі биыл 15 қазаннан бастап іске асырылады.

 

Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті