22 мыңнан астам теміржол қызметкері білімін жетілдіреді

Әлеумет
04.11.2022, 10:57
Оқуға 1 мин
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы жыл соңына дейін 22 мыңнан астам теміржол қызметкерлерінің білімін жетілдіріп оқытады деп күтілуде.

Бүгінгі күнге дейін Астанадағы Теміржол көлігі персоналын дамыту және бағалау орталығында және өңірлік оқу орталықтарында 14 мыңнан астам адам оқудан өткен. Халықаралық стандарттардың барлық заманауи талаптарына жауап беретін Астанадағы оқу орталығы теміржолшылардың білім-біліктілігін арттыруда он жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді. Орталық мамандарының айтуынша, олар әзірлеген кәсіби даму және персоналдың біліктілігін арттыру бағдарламалары «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының өндірістік-технологиялық процесінің қажеттіліктеріне бейімделген. Соңғы жылдардағы оқиғаларға байланысты қашықтықтан оқыту мен тестілеудің жаңа жүйесі енгізілуде. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік қауіпсіздік, экологиялық қауіпсіздік, өрт-техникалық минимум, электр қауіпсіздігі тақырыптарында, сондай-ақ теміржол көлігінің 150-ден астам мамандығын даярлау және біліктілігін арттыруға қатысты сабақтар өтеді.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылары, жетекші мамандары және өндірістік персоналдардан бөлек орталық базасында таяу шет елдердің өкілдері де білім алуда. Мәселен, осы жылдың қыркүйек айында Молдова темір жолынан ТЭ33А сериялы тепловоз машинистері үшін біліктілікті арттыру курсы өткізілсе, қазан айында Әзербайжан темір жолдары қызметкерлерін қазақстандық электровоздарды басқаруға үйрету жоспарланған.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды