Медициналық пойыздар ауыл тұрғындары арасында жиі кездесетін ауруларды анықтады

Әлеумет
07.11.2022, 12:47
Оқуға 1 мин

«Самұрық-Қазына» Қорының бүгінгі баспасөз жиынында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобалар дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева шалғай жатқан ауыл тұрғындары арасында жиі кездесетін ауруларды атады.

Оның айтуынша, халық көп жүгінген тізімге онкологиялық және жүрек-тамыр аурулары (инсульт), асқазан-ішек жолдарының аурулары (созылмалы панкреатит, созылмалы холецистит), буын аурулары (артроз және артрит), тері және аллергиялық аурулар (аллергиялық дерматит, липома), сондай-ақ қант диабеті мен глаукома кірген.

Ең сұранысқа ие мамандардың қатарында жалпы тәжірибелік дәрігер, невропатолог, офтальмолог, ЛОР дәрігері мен хирург бар. Сұранысқа ие процедуралар ультрадыбыстық зерттеу, ЭКГ және флюорография болған.

«Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздарының дәрігерлері биыл 14 облыстағы 147 станцияда алты ай жұмыс істеп, 80 мың отандасымызға көмек көрсетті.  

"Бұл жоба алғаш рет 2010 жылы іске қосылып, осы кезең ішінде Денсаулық, Жәрдем және Саламатты Қазақстан атты үш консультациялық-диагностикалық пойыз еліміздің шалғайындағы 1 800-ден астам елді-мекенді аралады. Сапар барысында 575 мыңнан астам тұрғынды тексерістен өткізіп, 2 млн-ға жуық диагностикалық ем шара, 17 мыңнан аса кіші амбулаториялық ота жасады", - деді Альфия Адиева.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды